FlyLady болғыңыз келе ме?

Flylаdy-дің не екенін айтпас бұрын, төмендегі белгілердің сіздің өміріңізде кездесіп-кездеспейтіндігін анықтап алайық.

- Сіз «Хаос» синдромына шалдыққансыз. Яғни, үнемі ескертусіз қонақ келіп қалмасын деген оймен жүресіз;

- Отбасы мүшелері үйге кіргісі келмей, сабақта немесе жұмыста бөгеледі;

- Алыс туысқандарыңыз ауылдан келетіндігін айтқан кезде ашуланасыз;

- Үйіңіздегі өзіңізден кіші бауырларыңыз бен сіңлілеріңізге дауыс көтересіз;

- Үйдің ішінен қажет затыңызды таба алмайсыз;

- «Біреу» келіп үйді жинастырып кетсе екен деп армандайсыз;

- Түнде оянып, сыртқа шығып бара жатқан кезде міндетті түрде бір затқа шалынасыз;

- Үйдегі кішкентайларды еденде жатқан тамақты жеп жатқан жерінен ұстаған сәтіңіз болды;

- Сіздің терезеңіздің ластығы соншалық, күн бұлттанып немесе күн шығып тұрғанын анықтау мүмкін емес.

- Кезекті демалысыңыз үй жинап, кір жуумен өтеді. Егер аталған белгілердің біріне ие болсаңыз, FlyLаdy жүйесі нақ сізге арналады. Ол үйіңізді ретке келтіріп қана қоймай, өзіңізді жақсы көруге, «самғауға» көмектеседі.

1. Ең алдымен, үйде 100% әдемі болып жүріңіз. Әрине, үйге қандай киім киетініңізді өзіңіз таңдайсыз. Бар болғаны сол киіміңіз келген қонаққа есікті ұялмай ашатындай болуы керек.

2. Бір дәптерге әдетте таңертең және кешкі уақытта не істейтініңізді жазыңыз. Артынша асықпай отырып ойланыңыз.

3. Күнделікті ыдыс-аяқ жуатын шұңғылшаны таза ұстаңыз. Бұл – FlyLаdy болуға алғашқы қадам.

4. Қойын кітапшасын арнап кешкі асқа не дайындайтыныңызды және өзге де қадамдарыңызды жазыңыз. 

5. Таймер сатып алыңыз. Flylаdy-ге ең бастысы жасау емес, бар болғаны үлгеру екендігін ұмытпаңыз. 15 минут көлемінде таймердің көмегімен үй жинап, киім үтіктеу және т.б. іспен айналысу өте ыңғайлы. Бар болғаны өзіңізге мен мұнымен "15 минут айналысамын" деп айтыңыз. Сол кезде көп іске үлгергеніңізге таң қаласыз. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Massaget.kz