- Негізгі бет
- Шаңырақ
- 60 жыл отасқан...
60 жыл отасқан жұп гауһар тойын ерекше етіп тойлады
Алматы облысында гауһар тойын атап өткен Мәлік және Сарқыт Тойшыбаевтар жас жұбайларша киініп, бүкіл елді тәнті етті. Ақсақал бөрік, иыққа шапан жамылып сәнденсе, әжеміз сәукеле киіп, жас келінше құлпырды.
Қалың топты қақ жарып келе жатқан жұбайлардың жасы сексеннен асса да, көңілдері сол қалпы жас. Ағайын-туыс, дос-жаран, қатар-құрбыларымен жиналып, думандатып жатыр. 60 жыл отасқан жұп мұндай кезде қол ұстасып, биледі.
Мәлік пен Сарқыт Тойшыбаевтар 1955 жылы үйленген. Қазір әйелі 75 жасқа, күйеуі 81 жасқа келді. Олар үйленген кезде тойдың болмағанын айтады. Онымен қоса, екі жас бірін-бірі танымаған. Оларды ата-аналары көне дәстүр бойынша үйлендіріпті.
"Біздің кезімізде жағдай қиын болды. Біз үнемі жұмыс істедік, балаларды тәрбиеледік. Әйелім сиыр сауды. Көп қиындық көрсек те, бірге болдық", - деді Мәлік Тойшыбаев.
"Жұмыстан шаршап, ашуланып келеді. Ол ер адам ғой! Мен оны тыныштандырып, тамағын беремін. Сөзге келген кезіміз болды, бірақ балалардың көзінше емес. Барлық уақытта бірге болдық", - деді оның әйелі.
Мерейтой кезінде екі қарттың қасында 8 баласы, 30 немересі мен 15 шөбересі болды. Олар би билеп, көңіл көтерді.
Дереккөз: КТК