- Негізгі бет
- Шаңырақ
- 6 айдан асқан...
6 айдан асқан балаға қосымша тамақ беру
6 айдан асқан баланың тамақтану тәртібіне жаңа тағамдарды қосарда ол мынадай сатылардан өтуін бақылаңыз:
• өздігінен отыра алуы;
• қою тағамды тілімен итеруді тоқтатуы;
• аузына қасық, емізік, ойыншық салса шайнай бастауы;
• алғашқы сүт тістері жарып шығуы;
• үлкендер жеп отырған тамаққа қызыға қарауы.
Есте сақтаңыз:
– Балаға беретін езбеде ешқандай түйір болмауы тиіс, яғни толықтай езілген болуы шарт;
– Ешқандай қант, сүт қосылған тағам бермеу (қант диабетін, т.с.с. аурулар туғызуы ықтимал);
– Жүгері, күріш, ұнтақ (манная) ботқаларды тек суға ұзақ уақыт пісіріп беру (сүт6 май қосуға болмайды);
– Жаңа тағам алғашқы күні жарты қасық, содан соң бір қасық беріледі, 7-10 күнде біртіндеп қосып отыру;
– Бұрын дәмін татпаған тағамын түске дейін беру, күні бойы реакциясын бақылау, егер асқазанына жақпаса, араға 3-5 күн салып, қайта беру.
– Балаға екпе жасатсаңыз, бірнеше күнге дейін жаңа тағам бермеген дұрыс.
– Бала қаламаса, оған тамақты күштеп бермеу;
– Ол қарны ашқанда өзі ұйқыдан оянады, тамақ беру үшін оятпау;
– Құрғақ тағамдар бергенде суды бірге ішкізу.