Сіз балалармен олардың өздері туралы сөйлесіп көрдіңіз бе? Егер иә десеңіз, олар да ересектер секілді сөйлейтінін байқайсыз. Олармен не туралы сөйлесуге болады? Мына сұрақтарды қойып көрсеңіз, түрлі қызық жауап аларыңыз анық.
Өз балаңыз болса, берген жауабын жазып қойып, келесі жылы тағы осы сұрақтарды қойып, екі жылдағы жауаптрын салыстырсаңыз болады. Бұл тәсіл арқөылы баланың қалай өсіп, ойлау жүйесі дамып келе жатқанын анықтайсыз.
Ең сүйікті ойының қандай? Оны қалай ойнайды?
Сенің ең жақсы көретін нәрсең не?
Қай жерде өзіңді еркін сезінесің?
Арманың қандай?
Кішкентай бала болу қиын ба?
Ата-анаңды не үшін жақсы көресің?
Сиқырлы таяқшаң болса, не істер едің?
Не істеп үйренгің келеді?
Ата-анаңның қандай ісіне ренжисің?
Қандай жағдай болса жылайсың?
Әлемдегі ең дәмді тағам қандай?
Басқа адамдарға қалай көмектесер едің?
Мерекелерден басқа қандай күні бақытты боласың?
Ғажайып деген не?
Жалғыз өзің қалған кезде не істейсің?
Сен бақытты болуың үшін ата-анаң не істеуі керек?
Адамдар неге ауырады?
Бір жаққа қыдырған жақсы ма әлде үйде болған ұнай ма?
Інің немесе қарындасың (сіңлің) болғанын қалайсың ба? Не үшін?
Ең жақсы дос қандай болуы керек?
Саған бәрінен қай мереке ұнайды? Не үшін?
Сен ояу жүргенде ұйқы қайда кетеді?
Балаларды қалай жазалау керек? Не істесе жазалауға болады?
Саған не ұнамайды?
Мультфильмдегі қай кейпкер ұнайды?
Қыз бала мен ұл баланың айырмашылығы неде?
Қызбен дос болған ұнай ма әлде ұлмен бе?
Адамдар кітапты не үшін оқиды?
Жақсы көңіл күй және нашар көңіл күй деген не?
Әлемде не нәрсеге таң қаласың?
Адам не үшін ренжиді?
Неден қорқасың?
Не істемегенің үшін өкінесің?
Өскенде кім болғың келеді?
Сені қалай еркелеткенін қалайсың?
Отбасыңда бірнәрсе өзгертетін болсаң, не өзгертер едің?
Ал сіз балаларға қандай сұрақтар қоясыз?