- Негізгі бет
- Шаңырақ
- 15 мамыр –...
15 мамыр – Халықаралық Отбасы және мейірім мен сенім күні
Махаббат пен сенімге нәзік сезімді қосып, оны жылдарға көбейтсең, отбасы ұғымы туады. Бұл – осы атаулы күннің басты ұраны.
Алдымен назарыңызға неке жайында біраз қызық дерек ұсынайық:
♥ Статистика бойынша, жұбайлар жеті жыл отасқаннан кейін ары қарай ажырасу ықтималдығы 50 пайызға кемиді екен.
♥ Неке жүзігін тағу дәстүрі сонау Египеттен жеткен. Ол жақтағы сенім бойынша жүрекке құятын қан тамыры дәл осы жүзік тағатын саусақтан бастау алады.
♥ Тағы бір статистика тұрмыс құрмаған адамға қарағанда үйлі-баранды жұбайлар ұзағырақ өмір сүретінін көрсеткен.
♥ Өз өзіне қол жұмсауға баратындар да көбі сол бойдақ жігіттер екен.
♥ Еуропалық үрдіс бойынша, төрт жылда бір келетін 29 ақпан күні қыздар өзі сүйген жігітке ұсыныс жасауына болады. Ең қызығы, бұл күні ұсыныстан бас тартқан жігіт айыппұл төлейді деген жазылмаған заң бар.
♥ Мансап жолында өсуің, табысың мол болуы да көп жағдайда үйіңдегі қолдайтын жарың барына байланысты екені дәлелденген.
♥ Сыртқы ортаның әсерінен отбасы берекесі ажырап, ажырасып тынғандардың 80 пайызы бұл шешіміне өкінеді екен.
Бұл мерекені бекітудегі халықаралық ұйымның көздегені отбасында көтерілетін мәселені қоғам деңгейінде қарастырып, оның шешу жолдарын іздеп табу. Әр жылы Отбасы күнінде дөңгелек үстел, конференция, түрлі фестиваль, мерекелік шаралар ұйымдастырылып, түрлі мәселеге оң шешім ұсынылып келеді.
@. @assel_assanova