- Негізгі бет
- Шаңырақ
- 15 жастағы қызға...
15 жастағы қызға анасы жазған хат
«Шешесіне қарап қызын ал» дейді қазақ. Көз ашқалы көретіні анасы болғандықтан, қылықтары, сөйлеген сөзі басқаларына қарағанда анасына көбірек тартатыны анық. Алайда туғалы бір рет көрмесе де, қылықтары, әрекеттері анасына ұқсайтындар бар, оларға бұл ұқсастықтар қанмен беріледі. Қызын өзіне ұқсайтынын білсе де, анасы оған хат жазған екен. Оқуға оңай болмаса да, ащы шындық жазылған хат мәтінімен таныс болайық.
Менің көшірмем болма! Сен басқа адамың, жеке тұлғасың. Мен жақсы көргенді сүйіп, мен жек көргеннен жеруге міндетті емессің. Өзіңнің талғамың қалыптасуы тиіс.
Сен сұлусың. Сен кереметсің. Өте ақылдысың. Мен жеткен жетістіктен сен асып түсуің керек. Сенің он бес жыл өміріңде барлық жағынан маған қарағанда көш ілгері екеніңді көріп келемін. Сенің ғажаптығыңды басқалар мойындамаса, олардың шаруасы. Тек асқақтап, басқаларды көзге ілмей кететін менмендіктен аулақ болғайсың.
Ешкім сені алдауға ұмтылмайды. Мұны түсіну күрделі, бірақ, шындығы сол: Барлығы да тек өзін ойлайды. Тіпті мен де. Барлық адам кез келген жағдайда өзін ақылды көрсеткісі келеді. Тек әркім әртүрлі ойланатындықтан, біреу сені алдағысы келетіндей көрінеді.
Әлем әділетсіз. Сен барлығын дұрыс жасауың мүмкін. Бірақ өмір саған қырын қарап, жетістікке жылдам жете алмай жатсаң қам жеме. Сен бұл әлемді басқара да, өзгерте де алмайсың. Одан да өзіңді өзгертуге күш сал. Адамдарға жақсылық жасап, теріс қадамға баспай жүрсең, күндердің күнінде жасаған жақсылығың алдыңнан шығары анық.
Жауапкершілікті жеке өзіңе ал. Жеке басыңды асырай алатын жұмысың болсын, біреу бағады деп ешкімге сеніп қалма. Жұмыста да бір жобаны қолға алсаң, әріптестеріңе тапсырмай, өзің аяғына дейін алып шығуға тырыс.
100% сенімді тек өзіңе ғана арта аласың. Тіпті маған да сене алмайсың. Мен сенің басыңда не болып жатқанын білмеймін. Барлығын айттым дегеннің өзінде бір нәрсені жасырып қаласың. Иә, мен де сондаймын. Менің де анам бар Өзің туралы барлық ақпаратқа тек өзің ғана қанықсың. Барлығын өзің шеш!
@. @assel_assanova