- Негізгі бет
- Шаңырақ
- 12.12.12 күні үйленгіңіз...
12.12.12 күні үйленгіңіз келе ме?
Қазіргі уақытқа дейін 2011 жылдың 11 қарашасы, яғни, 11.11.11 Алматыдағы үйлену тойларының көптігі бойынша рекордты күн болып тұр. Былтырғы жылдың осы күнінде 210 жұп отбасы атанды.
Танымалдығы бойынша екінші орында тұрған "әдемі күн" - 08.08.08 (2008 жылдың 8 тамызы): бұл күні 188 жұп үйлену тойларын атап өтті. 09.09.09 (2009 жылдың 9 қыркүйегі) 109 жұптың үйлену күндері болды. Ал 10.10.10 (2010 жылдың 10 қазаны), неге екені белгісіз, аса рекордты болған емес: бұл күні 41-ақ жұп отау иелері атанған екен.
Келе жатқан 2012 жылдың 12 желтоқсаны осындай "әдемі күндердің" соңғысы болмақ. Осы күні үйленуге бел буғандардың нақты санын қазір алдын ала айтуға болмайды. Бұл күнге тойларын өткізу өтінішін жастар 2012 жылдың 10 қарашасынан бастап бере алады.
Айта кетсек, 2012 жылдағы некелер саны 2011 жылға қарағанда айтарлықтай өсті. 2011 жылы 9961 жаңа отау құрылса, осы жылы 1106 жұп жас жұбайлар атанған екен.
11.11.11 күніне үйленуге тапсырысты 1718 жұп беріп, олардың 210-ы ғана үйленгеніне қарасақ, "әдемі күнде" үйленуге құштарлық, біреулер үшін өмірлік жұп табудан да маңыздырақ сияқты.
Ал сіз 12.12.12 күні үйленгіңіз келе ме?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: ia.press.kz
С. А