Қазір кімнің ұлының атын сұрасаңыз да «Әлихан», «Әлинұр», «Нұрасыл», кімнің қызының атын сұрасаңыз да «Кәусар», «Айзере», «Раяна». Иә, әдемі есімдер, мағынасы да жақсы, алайда бұл Қазақстанда балаға ең көп қойылатын есімдер. Ал бүгінгі материал баласына көп кездеспейтін, ерекше есім қойғысы келетін ата-аналарға арналады.
Ұл бала есімдері
Ахмедияр. Ахмед – аса мақтаулы деген мағына, ал -ияр жалғауы «дәулетті» деген мәнге ие.
Асфандияр – иран халық эпосындағы батыр атауы.
Әбдірахман – аса мейірімдінің құлы (Абай Құнанбаевтың баласының аты).
Әбунасыр – көмекші, жеңімпаз.
Әбутәліп – білім іздеуші.
Бағдат – сыйлық.
Батырлан – ержүректене түсу.
Баязит – ерекше.
Бердияр – адал дос.
Ғарифолла – жәрдем беруші.
Ғафур – кешірімді.
Ғинаят – алғыс алушы, жомарт.
Данышпан – аса ақылды.
Ескендір – батылдарды жеңуші.
Кемеңгер – аса ақылды.
Мағауия – араб тілінде «сау саламат» деген мағына (Абай Құнанбаевтың баласының аты).
Махамбет – мақтауға лайық, сүйікті.
Мұзаффар – жеңімпаз жауынгер.
Мұрагер – әкенің ізін жалғаушы.
Мұстафа – таңдалған.
Мұстахим – тура жол.
Мүсіреп – жомарт.
Нияз – үміт, сый.
Нұрзерек – нұрлы, зерек бала.
Нұрпейіс – пейіштің сәулесі.
Нұртас – нұры тасысын деген мағына.
Нығмет – дәлкт, байлық.
Парасат – араб тілінде ақыл-ой деген мағына.
Сағадат – парсы тілінде бақыт деген мағынада.
Сәдуақас – нағыз бақытты, ырысты адам.
Сейфолла – қылыштай өткір.
Хафиз – сақтаушы, қорғаушы.
Қыз бала есімдері
Айбарша – алтын мен күмістен безелген мата.
Айзиба – әсем, келісті.
Айназым – нәзігім, әдемім деген мағына.
Айпара – ай періштесі.
Айторғын – қымбат, ерекше.
Ақдидар – ашық жүзді.
Ақлима – ақылды, саналы.
Ақнәзік – ақ көңілді нәзік қыз.
Аниса – жайдары, жарқын.
Асылзада – мәртебелі, айтулы.
Бағила – ұзақ ғұмырлы.
Зерделі – ақылды, есті, зейінді.
Кербез – әсемпаз, сәнқой.
Қазына – қымбат байлық.
Мухсина – салиқалы, таза.
Нафиса – биязы, мәртебелі.
Нұрханша – үйге нұр шашатын ханшайым.
Рабиа – бәйшешек (көбінесе үйдегі төртінші балаға қойылады, төртінші деген мағынасы да бар).
Тасним – жәннаттағы бұлақ атауы.
Тахмина – батыл.
Халима – мейірімді, пәк.
Шамсия – күн секілді жарық.
Шахназ – нәзік ханшайым.
Шұғыла – нұр шашу, жарқырау.
Сізге қай есім ұнады?