- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Қазақстанда тағы бір...
Қазақстанда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін
Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін. Мәдениет және спорт министрлігі мерекелік күндердің тізбесін Абай күнімен толықтырған жоба қаулысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаулы авторлары Қазақстанда 10 тамызда Абай Күнін атап өтуді ұсынды. Жоба 2020 жылдың 13 шілдесіне дейін талқыға түседі.
Жоба "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңның 4 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың 2020 жылғы 21 мамырдағы тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.
Мына жерде талқыға қатысуға болады.
Еске салайық, 2020 жылы Қазақстанда ұлы ақынның 175 жылдығы атап өтіледі.
Абай (Ибраһим) Құнанбаев - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абайдың туған күні Юлиан күнтізбесі бойынша 1845 жылдың 10 тамызында, ал қазір қолданылып жүрген Григориан күнтізбесінде 1845 жылдың 23 тамызында.