- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Қарым-қатынастың бұзылуына себеп...
Қарым-қатынастың бұзылуына себеп 3 белгі
Кез келген қарым-қатынаста дағдарыс уақыты болады. Бірақ соны алдын-ала аңғарған жұп қана арадағы сезімді сақтап қала алады. Опасыздық, қызғаныш, ашу-ызадан бөлек қарым-қатынасқа сызат түсіретін мынадай белгілер бар.
1. Өшті үйдегілерден алу
Жұмыстан шаршап не ашуланып шығып, үйге келіп сол көңіл-күймен айналасындағылардың мазасын алатындар бар. Себепсіз ренжіп, дауыс көтеріп бала-шағаны, жарын үркітіп алады. Қасындағы адам көрсетпесе де, іштей ренжиді. Өйткені, неге ренжулі екенін, неге кінәлі екенін түсінбейді.
Не істеу керек?
Алдымен өзіңізді ұстап үйрену керек. Бұндай агрессия іштегі кортизол және тестостерон гормандары арқылы туындайды. Егер ашуды сыртқа шығарса, адам қысқа мерзімді ләззат сезімін алады. Бірақ артынша өзін кінәлау сезімі туындайды. Сол себепті, ашуды барынша іште сақтау керек. Жұмыс мәселесі жұмыста, үй мәселесі үйде қалуын қадағалаған жөн.
2. Санасу
Мәселені шешудің орнына жұбыңыздың өткен қателіктерін "қопарады". Осылайша адам өз іс-әрекетінің бұрыс екенін, өзгені сөгу арқылы жауып тастайды. Сөгіс кезінде көбіне қатты сөздер айтылады. "Сен осылай істегенде, мен бүйткем" деу мәселенің шешімі емес, керісінше ушықтыратын катализатор.
Не істеу керек?
Егер қателік жіберсеңіз, оны бірден мойындап үйрену керек. Әрине, алдымен оның қате екенін түсінген жөн.
3. Тауып көр ойыны
Жұптардың қарым-қатынасына қатты әсер ететін нәрсенің бірі — ренжіп, бұлданып және оның неге екенін айтпау. Екінші адам неге ренжігенін түсінбей дал болады.
Не істеу керек?
Серігіңізбен сөйлесуге қолайлы уақытты таңдап алыңыз да, оған оның не үшін ренжігенін сөзсіз түсінетін қабілетіңіз жоқ екенін айтыңыз. Әрине, қандай іс-әрекетіңіз бұрыс болғанын білмей оны түзеу мүмкін емес екенін де атап өтіңіз. Егер оған сізбен қарым қатынас маңызды болса, ол оны реттеудің жолын табады.