- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Баланың тісі шыққанда:...
Баланың тісі шыққанда: Алғашқы белгі
Баланың тісі алты айынан бастап шығады. Одан кеш не ерте шықса да, уайымдамаңыз, әр баланың ағзасы әртүрлі. Бірақ дені сау баланың тісі орта есеппен 6 айдан бастап шығатыны дәлелденген. Баланың тісі астыңғы және үстіңгі күрек тісінен бастап шығады.
Тіс шыққандағы алғашқы белгі – баланың мазасызданып, әр нәрсені тістелеуі. Бала қолына түскен затты тістелеп тастаса, баланың тісі шығып келе жатыр деген сөз. Одан кейін дегбірі қашып мазасызданса, жыласа, ыңылдай берсе, сәбидің аузын ашып қараңыз. Баланың иегі алдымен ағарады, суланады, іседі, сосын кішкене тіс пайда болады. Бұл кезде сәбидің ағзасыда өзгеріс болып, температурасы көтеріледі. Баланың тісі шыққанда ешқандай дәрі көмектеспейді. Тек сабырмен күтуіңіз керек. Баланы ойнатып, көтеріп, көңілін аулаңыз. Тіс жарып шыққанда бала өз-өзіне келеді.
М. Оңғарова