Зимбабвенің (Африканың шығысындағы ел) мемлекеттік қазынасында қазіргі кезде бар болғаны 217 АҚШ доллары қалыпты.
Бұл жөнінде елдің қаржы министрі Тендая Бити жалпыхалықтық рефендум мен президент сайлауы алдында мәлімдеді.
Шенеуніктің сөзінше, бар ақша өткен аптада бюжеттен қаржыландырылып отырған қызметкерлердің жалақысын төлеуге кеткен екен. Министр тығырықтан шығу үшін мемлекетке халықаралық қауымдастықтан көмек сұраудан басқа амал жоқ екенін де айтқан.
Ал алдағы референдум мен сайлауға сарапшылар 104 миллион доллар қаржы керек екендігін есептеп шыққан.
Әзірге банкротқа ұшыраған мемлекетке қаржылық көмек көрсетер бірде-бір ел табылмай отыр. Бір қызығы, 1980 жылы Зимбабве тәуелсіз алған кезде, континенттегі экономикасы дамыған мемлекеттер қатарынан саналған еді. Ал қазір ол Африкадағы ең кедей елге айналып үлгерді.
2009 жылы орын алған үлкен инфляция республиканың орталық банкін 100 триллион зимбабвиялық доллар басып шығаруға мәжбүр етіпті.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: ru.publika.md