АҚШ мемлекеттік хайуанаттарды зерттеу комитеті қазіргі қолда жүзден астам горилланың көп бөлігін «зейнетке» шығарып, тек 50 жастағы горилланы ғана алып қалып, жалғасты зерттеу жұмыстарына пайдалануды ұсынады.
Қазір қолда ұсталып отырған көптеген горилланың қартайғанын айта келіп, оларды Луизиана штатындағы хайуанаттарды қорғау ауданына жеткізу керек деп ұсыныс жасалған. Медицина мен техника ғылымына қосқан елеулі еңбегі үшін бұл жануарлар енді өмірінде ерекше мәміле, жақсы күтімге ие болу керек. Олар ешқандай кедергісіз, бейғам өмір сүруге міндетті дейді олар.
Бұл ұсыныс 22 қаңтардан бастап екі ай ішінде әр саладағы адамдардың пікірінен кейін ғана мақұлданатын болды.
Ал халықаралық хайуанаттарды қорғау ұйымы алдағы жылдарда медицина және басқа да техника саласында хайуанаттарға жасалатын тәжірибені азайту керек деп үндеу жариялаған болатын.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com