«Каприз» Чолпан-ата қаласынан 5 километр қашықтықта Ыстық көлдің солтүстік жағалауында орналасқан демалыс орталығы. Бұл – Қырғызстанның 125 коттедж бен бөлмесі бар әсем аймағы. Осы жерде болатын түрлі спорт пен ойын-сауық кештері тамаша демалыс күндерін өткізуге мүмкіндік береді.
Бөлмелер:
Twin Room – бір адамдық екі төсегі бар бөлме. Бөлек тұрған төсектерді өзара біріктіруге болады.
Suite Room – бір адамдық екі төсегі және диваны бар екі бөлмелі нөмір.
Standart Apartment – бұл 4 адам тұруға арналған екі бөлмелі пәтер. Әр бөлменің жеке лоджиясы бар.
Junior Suite Room – әлемдік қонақ үй бизнесінің стандартына сәйкес келетін бір бөлмелі нөмір. Аталған бөлмелер 2-ші және 3-ші қабатта орналасқан.
Tower Suite Room – 4 және 5-қабатта орналасқан, үш бөлмеден тұратын президенттік нөмір.
Family Apartment – 6 адам тұруға арналған, үш жатын орны және қонақ бөлмесі бар коттедж.
Corona Villa – төрт жатын орны мен қонақ бөлмесі бар екі қабатты коттедж.
Royal Villa - төрт жатын орны мен қонақ бөлмесі бар екі қабатты коттедж. Жағалауға жақын орналасқан.
Барлық коттедждер қажетті жиһазбен жабдықтылған, кішкене учаскесі мен балконы және террасасы бар.
Мейрамхана және бар:
Таңғы, түскі, кешкі асты «Caprice», «Бриз» атты мейрамханаларда дайындалатын швед үстелінен жеуге болады. Мұнымен қатар, қонақ үйдің территориясында жазғы дәмхана бар. Ал «Бриз» мейрамханасы ұлттық тағамдарды да ұсынады. Ал балалар үшін жағажайда би кеші мен арнайы дәмхана ұйымдастырылған.
Бассейндер: Қыс мезгілінде жұмыс жасайтын 25 метрлік жабық және жағажайдың жанында ашық бассейн бар.
Мұнымен қатар, Қырғызстан еліне қауіпсіздікті толығымен қамтамасыз ететін "Air Astana" ұшағымен баруыңызға болады.
Спорт:
«Каприз» демалыс орталығында әр түрлі деңгейдегі спорт жаттығулары жүргізіледі. Әлемдік талаптарға сай жабдықталған, түрлі спорттық жаттығулармен айналысуға мүмкіндік беретін кешен бір уақытта 700 спортшыны дайындай алады. Мұнымен қатар, бұл жердің экологиялық таза табиғаты денсаулыққа өте пайдалы.
- Бассейн;
- Душ пен шешінетін орны бар жаттығу залы;
- Теннистік корттар;
- Баскетбол, футбол және волейболға арналған алаңдар;
- Мини-гольфқа арналған алаң;
- Су әткеншектері;
- Саябақ;
- Велосипедті жалға алу;
- Жағажайдағы тренажерлар.
Ойын-сауық:
Бұл қонақ үй отбасы демалысы үшін таптырмас орын. Достарыңыз бен туысқандарыңыздың жанында көңілді кештер өткізе аласыз. Ал балаларыңыздың жағажайда болатын белсенді ойындарға қатысу мүмкіндігі бар. SPA аймағы, би кеші, атпен серуендеу, көкке шығу, экскурсия, бассейн, батут, балалар ойын алаңы, компьютерлік ойындар және атлетика, волейбол, футбол, баскетбол, теннис, жүзу сынды спорттармен шұғылдануға көмектесетін балалалар жаттықтырушысы бар.
Қонақтарға қызмет: Велосипедті жалға беру, бильярд, бизнес-орталық, конференция залы, сейф пен сақтау камерасы, ақша айырбастау, дүкен, спорт тауарларын сататын дүкен, киімді жуып, үтіктеу, Wi-Fi, интернет клуб, спутник телеарналары, автомобильді трансфер, экскурсиялық қызметтер, қонақтар машинасын көлік тұрағына тегін қою.
Конференция залы:
- Кофе брейк, фуршет, банкет жасау;
- Бизнес орталық;
- Сымсыз интернет;
- Аудиовизуалды техниканы пайдалана отырып, конференция ұйымдастыру;
- Интернет клуб.
Баға диапозоны: ең аз – 50$, ең көп - 600$
Қырғызстанның мақтанышы Ыстық көлдің жағасында орналасқан бұл кешен есте мәңгілік қалатын демалыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: Massaget.kz