- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Виза! Виза! Виза!...
Виза! Виза! Виза!
Сізді виза жасату үшін көп ақша мен уақытты ысырап ету мезі ете ме?
Консалтингтік компания (түрлі әлеуметтік мәселемен айналысатын орталық) әлемдегі көптеген елдің виза жүйесінің өз азаматтары үшін қаншалықты өнімді һәм өнімсіз, қолайлы немесе қолайсыздығын анықтауға тырысыпты.
Ауғанстан халқы әлем бойынша 28 елге визасыз шыға алады, ал ирактықтар 31 мемлекет шекарасына, сондай-ақ Сомали мен Пәкістан жұрты 32, Палестина 36 ел аумағына емін-еркін ене алады.
Еуропа елдері бұл рейтингтің жоғарғы сатысынан көрініп отыр. Себебі Финляндия, Швеция мен Ұлыбритания азаматтары 173 елге жеке құжаттарын алып қана бара алады. Австриялықтар үшін бұйырып тұрғаны 167 мемлекет.
Компанияның өкілі: «Жаһандану дәуірінде визалық шектеу үлкен рөл алады. Тіпті бөлек екі елдің арасындағы қарым-қатынастарды да байқатады. Мұның әр елдің әлемдік ұлттар қауымдастығынындағы статусына да қатысы бар», - дейді.
Виза тәртібі ең үздік елдер:
1. Финляндия, Швеция, Ұлыбритания – 173 елге визасыз шыға алады;
2. Дания, Германия, Люксембург, АҚШ – 172
3. Бельгия, Италия, Нидерланды корольдігі – 171
Виза тәртібі төмен деңгейдегі елдер:
93. Ауғаныстан – 23 елге визасыз шыға алады;
92. Ирак – 31;
91. Сомали, Пәкістан - 32;
90. Палестина аумағы, Эритрея - 36;
89. Непал - 37;
88. Судан, Шри Ланка, Ливан - 38;
Қазақстандықтар әлемнің 27 елі мен екі аймаққа (Гонконг пен Хайнань) визасыз саяхат шеге алады, ал 13 елге визаны әуежайда рәсімдеуге болады. Бұл осыдан екі жыл бұрынғы мәлімет. Қазақстандағы виза тәртібі де соншалықты жақсы жолға қойылған деуге келмейді. Және уақытты жоғалып, көлемді қаржыны талап етеді.
Автор: Манас Қайыртайұлы
Cурет: news.headline.kz, внжвлатвии.рф, lh4.googleusercontent.com.
Е. Жұмабайұлы