Виртуалды жазғы демалыс

Виртуалды жазғы демалыс

Тек қала болмаса болғаны, жаз демалысы ауылды жерде немесе теңіз, көлде өткеніне не жетсін. Google компаниясы Make журналымен бірлесе отырып, үйде қалып қойған балаларға виртуалды жазғы лагерьді ашпақшы.

Аталған "лагерьге" жасы 13-тен асқан кез келген бала қатыса алады Google+ Make бетіне кірсеңіз жетіп жатыр. 

Үлкендер жағы да қызығушылық танытып отыр екен. 

"Лагерь ішіндегі адам" әр күн сайын нұсқаулар бойынша жаңа тапсырмалар алып отырады. Мысалы, бала инженерлер әуе шарлы дирижабльды немесе телефонға қуат көзін жасап шығармақ. 

Жолданған жұмыстар күн сайынғы видеоконференцияда талқыға салынады. Сонымен қатар, лагерь қатысушылары қызықты жерлерге виртуальды сапарларға ат салыса алмақ. 

Виртуалды жазғы демалыс 16 тамызға дейін жалғаспақ.

сурет:apparatmag.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига