Википедияның да өз жүйріктері бар. Егер аталған беттің төменгі жағына назар салар болсаңыз, онда жыл бойына ең көп қаралған һәм көп ізделген ақпараттар тізбегін көруге болады.
Facebook — 32 647 942 сапар
"Facebook"-ты көп адам арнайы іздеп, ат сабылтты деуге ешкім сене қоймас. Жай ғана "Facebook"-тағы өз бетіне кірем дейтін адамдар ".com" сөзін қоспай жазу арқылы бастапқы бағытты өзгертіп алып отырады.
Вики — 29 613 759
2012 жылы қаза болғандардың тізімі — 25 418 587
Көптеген адамның қызығушылығын тудырған қайғылы бет.
One Direction — 22 351 637
Ағылшындық бойз-бенд бүкіл рекордтарды, оның қатарында ағылшын тіліндегі Википедияның көшін бастап тұрғалы қашан.
Мүмкін, балаларының іле артын суытпай "не көрді" екен деп кіріп-тұратын алаңдаулы ата-аналардың қолтаңбасы да бар шығар.
Кек алушылар (фильм, 2012) — 22 268 644
Аталған кино осы жылы рекордқа пара-пар 620 миллион доллар жинай алды. Өз кезегінде танымал беттің бесінші орнында дараланып тұр.
2012 жылдың феномені — 20 619 920
Өткен жылдың соңында ақырзаман болады деп даурығысқан ағайынның күй-әлпеті үздіктердің қатарына кірмей қалуы мүмкін емес еді.
"Тёмный рыцарь: Возрождение легенды" — 18 882 885
Қаржы жағынан да, Википедиядағы танамылдылығы жағынан да 2012 жылдың екінші үздік фильмі болып табылды.
Google — 18 508 719
Google-дың ішінде ары-бері "қыдырған" адамға аталған бет туралы ақпарат та сұранып тұратыны анық.
"Голодные игры" — 18 431 626
Кинолар арасында үшінші болып Википедиядағы танымалдылыққа ие болды. Әрине, бір жылда 410 миллион долларды тек жақсы кино ғана жинамақ.
сурет:ccglim.com; blog.iluh.in
Дайындаған: Фараби Арыстанбек