Вьетнам елі Оңтүстік-Шығыс Азияда, Үнді-Қытай жарты аралында орналасқан. Батысындағы көршілері – Лаос пен Камбоджа, солтүстігінде – Қытай бар. Мемлекет солтүстігенде Оңтүстік-Қытай теңізімен, оңтүстік-батысында Сиам бұғазымен шайылып жатыр.
Жер көлемі – 331 мың шаршы шақырым. Құрамында көлемді аралдары мен ХоангШа және Чыонгша атты екі үлкен архипелагы бар, жағалаулық сызықтың ұзындығы 3260 шақырымға жетеді. Вьетнамның төрттен үш бөлігін таулы аймақтар құрайды. Өзі 58 "тинь" - провинцияға бөлінеді екен. Одан басқа провинция лауазымына ие бес орталық қаласы бар. Олар: Ханой, Хошимин, Дананг, Кантхо және Хайфон. Астанасы – Ханой.
Халық саны жөнінен әлемде он үшінші орында тұр (90,6 млн). Ерлер арасындағы орташа жас – 70, әйелдер арасында – 75 жас. Өкінішіке орай, әйелдердің 13%-ы сауатсыз.
Ел атауы екі сөздің бірігуінен құралған: «Việt» – вьет ұлтының лауазымын білдіреді, «Nam» – оңтүстік, яғни" Оңтүстіктегі вьет елі".
"Вьетнам" сөзін ең алғаш рет қолданған Нгуен Бинь Кхием атты ақын. Ол өзінің XVI ғасырда жазған «Пророчества Чанг Чиня» еңбегінде "Вьетнам құрылды" деген жолдарды жазады. 1804-1813 жылдары Зя Лонг патша "Вьетнам" сөзін ресми деректерде пайдаланды. 1945 жылға дейін "Аннам" аталған мемлекет, Бао дай патшаның бастамасымен өзгертілді.
Билік органдары: президент, ұлттық жиналыс және премьер-министр. Қазіргі қолданыста жүрген конституция 1992 жылы қабылданған. Елді басқарушы саяси партия – Вьетнам Коммунистік партиясы.
Ресми тілі – вьетнам тілі, сондай-ақ, француз, ағылшын, қытай, кхмер тілдері кең таралған. Ақша бірлігі – донг.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, ел аумағының 40%-ын тропикалық ормандар құрайды. Онда лиан, бамбук, қарағай сынды ағаштар өседі. Ормандардан маймыл, тиін, жолбарыс, қабылан, піл, аю, бұғы сынды жануарларды, қолтырауындар мен кесірткелерді, жыландарды ұшырастыра аласыз.
Вьетнам бай табиғи ресурстарымен мақтана алады: көмір, марганец, фосфор, хромит және боксит сынды металдарды, әсіресе, мұнай мен көмірді Жапония мен АҚШ-қа экспорттайды.
Демалушылар үшін көрінісі көзтартар заманауи шипажайлық қалалар қызмет етеді. Онда отбасылық тыныш демалыс үшін барлық жағдайлар жасалған, Вьетнамдағы дайвинг – әлемдегі ең арзан саналады.
Вьетнам – экзотикалық көрікті орындарға, табиғат ғажайыптарына, ғибадатханаларға толы ел. Жолыңыз түсіп жатса төмендегі мекендерге баруға кеңес берген болар едік:
Ақ жағалаулы, мөлдір сулы, сұлу табиғатқа ие Сон Тра жарты аралы:
Нгуен әулет мазарында әрбір табыт жеке жоба бойынша тұрғызылған және әрбірінің жеке бағы бар:
Жабайы табиғатпен қоршалған Фукуок аралының атағы туристер арасында кең танымал:
Жабайы өсімдік әлемі тіршілік ететін, әлі де адам қолы тимеген Меконг сағасы сынды жер басқа елде мүлде жоқ:
Күрші терассасы, көне тайпалар, бамбукты ормандар – бәрін де Сапа таулы қалашығынан көре аласыз:
ЮНЕСКО-ның қорғауындағы Пхонг Нха-Ке Банг қорығы:
Бұл – сурет емес, бұл – Ген Да Диа үңгірі:
Вьетнам сәулетшілері мен құрылысшыларының төлқұжаты – Хуэ императорлық қалашығы:
Төмендегі видеоны көріп шықсаңыз, Вьетнамға барып келгендей боласыз деген ойдамыз:
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/85U_VqAKqPY","width":"450","height":"350"});
Вьетнам елінің тұрғындары туралы ең, ең қызықты мәліметтерді келесі жолы Әлемтану айдарынан күтіңіз!
Оқи отырыңыз:
Испания
Германия
Америка
Канада
Египет
Корея
Жапония
Дания
Бразилия
Қытай
Жаңа Зеландия
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: vk.com