- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Варшавада енсіз үй...
Варшавада енсіз үй соғылды
Адам баласына ешқашан тұрақтылық жаққан емес. Сол үшін де болар әруақытта үй мен күйді ауыстырып тұрудың қажеті туады. Ендігі кезекте дүниеден баз кешіп жүрген адамдардың назарына әлемдегі ең енсіз соғылған үйге барып тұруды ұсынамыз. Сонда барып қана өмірді түсінудің мүмкіндігі туар. Бәрі де мүмкін...
Варшавадағы екі бірдей алып ғимараттың ортасында орналасқан осынау үйдің ені бар болғаны 120 сантиметрді құрайды.
Үйдің архитекторы Якуб Жеснаның сөзіне сенсек, көлемі мен еніне қарамастан, адамдардың тұрып, өмір сүруіне әбден болады екен. Керек десеңіз, жатын бөлме, дәретхана, қонақ бөлмелері жеке-жеке орналасқан.
Бар болғаны 20 қазанды күту ғана қалып тұр. Себебі, сол күні Варшава әкімшілігінің 50 мың доллар бөлген жобасы (осы үй) іске қосылады.
Жесна енсіз үйдің ғарыш кемесі сияқты екенін алға тартады. Және бұл үйдің ең бірінші тұрғыны да белгілі. Ол - израил жазушысы Эдгар Керет. Одан кейінгі кезекте польшалық суретшілер бірнеше күн түнейтін болады.
сурет:gizmag.com
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига