- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- "Үстірт құпиясы" экспедициясына...
"Үстірт құпиясы" экспедициясына дайындық басталды
Еліміздегі 25 000 көне ескерткіштің 11 000-ға жуығы Маңғыстау өңірінде орналасқан. Сол ескерткіштерді көріп, тану және еліміздің ішкі туризмін дамыту мақсатында "Nomad Explorer" бірлестігі 29 сәуір мен 7 мамыр аралығында "Үстірт құпиясы" атты экспедицияға аттанбақ. Экспедиция мүшелері Үстірт пен Маңғышлақ түбегінің ең ғажайып жерлерін аралап, сапардан фото, видео материалдар дайындауды әрі оларды халық арасына таратуды қолға алады.
"Үстірт құпиясы" Ақтау қаласынан бастау алып, Ақтау қаласында аяқталады. Экспедиция кезінде шамамен 1400 км (тәулігіне 160 км) қашықтықты жүріп өту жоспарланған.
29.05. - экспедиция мүшелерінің Ақтау қаласында жиналуы.
1-күн, 30.04. - Ақтау - Тамшалы- Жығылған - Сұлтан Eпe - Қапам Сай (түнеу)
2-күн, 01.05. - Қапам Сай - Шақпақ Ата - Торыш - Шерқала - Айрақты (түнеу)
3-күн, 02.05. – Айрақты- Тұзбайыр (түнеу)
4-күн, 03.05. - Тұзбайыр - Бозжыра (түнеу)
5-күн, 04.05. - Бозжыра - Фестиваль (түнеу)
6-күн, 05.05. - Бозжыра - Сенек - Тоқмақ мүйісі (түнеу)
7-күн, 06.05. - Тоқмақ мүйісі - Қаракие (түнеу)
07.05. – Ақтау қаласының әуежайы. Экспедиция соңы.
Айта кетерлігі, экспедицияға жол талғамайтын көлігі бар, жанармай мен азық шығынын өзі өтеп, табиғат аясында байланыссыз бір апта жүре аламын және де қауіпсіздік шараларын сақтаймын деген кез келген ерікті қатыса алады. Ол үшін мына сауалнаманы толтыру қажет.
Естеріңізде болса, "Nomad Explorer" бұған дейін 2016 жылдың мамырында осы үлгідегі "Ұлытау мұрасы" атты шара ұйымдастырған болатын. Ол кезде бірлестік мүшелері ұлт ұясы атанған өңірдің тарихи-мәдени орындарымен танысып қайтқан.
Y. Almabek