AirHelp сервисі сарапшылары әлемде ұшақтары ең көп кідіретін әуежайлардың антирекордын тізіп шықты, - деп жазады Lonely Planet.
Рейтинг көшін Грекиядағы Миконоса әуежайы бастап тұр. Осы жазда әуежай арқылы ұшуы тиіс болған рейстердің тең жартысы кешігіп көкке көтерілген. Одан кейінгі орындарда Афина (Грекия), Лиссабон, Понте-Делгада (екеуі де – Португалия), Санторини (Грекия), Милан, Венеция (екеуі де – Италия), Любляна (Словения) әуежайлары тұр.
Ұлыбританияда ұшақтары ең көп кешігіп ұшатын әуежайлар тізіміне Гатвик пен Хитроу енген. Ол жерден ұшатын 10 ұшақтың 4-і кешігіп көкке көтеріледі екен. Сондай-ақ, Бристоль, Эдинбург, Бирмингем әуежайларында да ұшақтар кідіріп қалатын кездер көптеу.
АҚШ-та да әуе ұшақтарының ұшу жоспары өзгеретін жәйттер көптеп кездеседі. Әсіресе, осы жазда Нью-Йорктегі Ла-Гвардия мен Ньюарк Либерти әуежайларында ұшу кестесі көп өзгерген.
Ал Сіздің ұшағыңыз уақытынан кешігіп, әуежайда аялдап қалған кезіңіз болған ба?