- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Ұшақтағы ерекше бөлмелер...
Ұшақтағы ерекше бөлмелер
Әлемдегі ең ірі әуе компанияларының ерекше жолаушылар үшін жасалған арнаулы ұшақтары немесе өзгеше бөлмелері болады. Төменде бірнеше әуе компаниясының жанға жайлы ұшақ бөлмелері жөнінде таныстырамыз.
Сингапур әуе компаниясының ұшағындағы ғашықтар мен ерлі-зайыптыларға арналған ерекше бөлме. Мұндай бөлмелер ұшақта көп бола бермейді. Бір ұшақта 2-3 бөлме ғана бар. Алайда алдын-ала тапсырыс беріп осы бөлмеге билет сатып алатындарға көбінде кезек тимей қалып жатады.
Араб Біріккен Әмірлігінің әуе компаниясының ұшағына орналастырылған тері мен ағаштан жасалған оңаша орындар. Жолаушыға өзгеше тыныштық сыйлайды. Ұшақ сілкінісін барынша сезіндірмейтін орындықтар орналастырылған. Мұсылман жолаушылар үшін сапар намазын оқуға да ыңғайлы.
Тайланд әуе компаниясының ерекше дәрежелі жолаушылар ұшағында орналастырылған оңаша бөлмелер.
АҚШ Ужин әуе компаниясының ұшақтарындағы ерекше бөлмелер. Бұл жолаушылар талғамындағы бірінші компания болып саналады. Ерекше техникалық құрылғылармен жабдықталған бұл орындықтарда тек батырманы бассаңыз болғаны тамақ үстелі мен сусындықтар автоматты түрде алдыңызға келеді.
Корея-Еуропа әуе компаниясының ұшақтарындағы ерекше бөлмелер. Мұнда жанға жайлы төсек және әуе компаниялары ішіндегі ең үлкен теледидар орнатылған.
Ужин Атлант мухиты әуе компаниясының ерекше жолаушылар ұшағының ішкі құрылысы. Жанға жайлы бұл ұшақ бөлмелеріндегі орындықтар төсек те бола алады. Алаңсыз ұйықтай аласыз.
Дайындаған: Алшын МАТАЙ
Сурет: baidu.com
Қ. Қауымбек