- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Ұшақта өзін-өзі ұстау...
Ұшақта өзін-өзі ұстау мәдениеті
• Ұшу қауіпсіздігіне немесе басқа адамның өміріне қауіпті жағдай туғызса;
•Басқа жолаушылардың және әуекомпания қызметкерлерінің денсаулығына, ар-намысына қауіп төндіретін жағдай тудырса, оларға тіл тигізіп немесе жәбірлесе;
• Экипаж мүшелерінің жұмысын орындауына әдейі кедергі жасаса;
• Экипаждың қауіпсіздік талаптарын орындауынан бас тартса;
• «Белдікті тартып алыңыз» таблосы жанғанда белдікті тартудан бас тартса және әуе кемесінің бортында темекі тартуға салынған тыйым туралы әуекомпанияның саяси ережесін бұзса;
• Қылмыстық іс жасаса;
• Әуе кемесінің бортында қызмет көрсету кезінде ұсынылған ішімдіктерді қоспағанда, өзінің, соның ішінде алымсыз саудадан сатып алынған спирттік ішімдіктерін қолданса;
• Экипаж мүшелерінің спирттік ішімдіктерді қабылдауға қойған шектеу талаптарын орындаудан бас тартса;
• Әуе кемесі ұшу, қону және жүргізілген кезде электрондық құралдар мен аспаптарды қолданса;
• Жарылғыш заттарды қолданумен қорқытса;
• Басқа жолаушыларға және экипаж мүшелерінің жұмысына кедергі келтіретін қолайсыз жағдайлар тудырса;
• Әуекомпания мүлкін бұзса және/немесе оны әуе кемесі бортынан алып шықса,
Ондай жағдайларда «Эйр Астана» жолаушылардың өрескел жүріс-тұрысын алдын алу және болдырмау үшін келесі шараларды қолдануға құқылы:
• Жолаушыны ұшып бару жеріне дейін тасымалдаудан бас тарту;
• Жолаушыны ұшып келген елдің құқық қорғау органдарына тапсыру және оны кейінгі сол елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту.
Жолаушының өрескел жүріс-тұрысының нәтижесінде болған амалсыз қону шығындары
Егер жолаушының өрескел жүріс-тұрысының нәтижесінде экипаж сол жолаушыны түсіру үшін амалсыз қонса, онда ол жолаушы амалсыз қонумен байланысқан барлық материалдық шығындарды өтейді. Егер жолаушы-құқықбұзушы амалсыз қонумен байланысқан әуекомпания зиян шеккен шығындарды өтеуден бас тартса, «Эйр Астана» зақым сомасын сот тәртібі бойынша өтеу үшін сот мекемелерінің қызметіне жүгінуге толықтай құқығын сақтайды.
@. @assel_assanova