Ұлыбританияның Кент қалалық полициясына жергілікті тұрғынның көрші үйдегі мысығы үйін тонады делінген арыз келіп түскен.
Арызда Дороти Хаулинг-Ним атты 75 жастағы әже көрші үйдің Пэббл есімді мысығының ұрлығынан шаршағанын жазады. Мысық үй ішіне кіріп, асханада тұрған тамақты ылғи да алып кетіп отырған.
Yoki порталы бұл әйелдің мысық қылмысы жайлы бұдан бұрын да бірнеше мәрте арызданғанын жазады. Жәбірленушінің ойынша, бұл жағдай оның өмір сүруіне кедергі келтіреді-мыс.
Дәл осы кезде қылмыс орнына келген полиция қызметкерлері Пэбблдың қожайындары Пол мен Джанин Уотсендерге айыппұл салынатынын айтқан. Мысықтардың қылмысымен айналысуға келіспесе де, полиция бұл іске амалсыз барғандығын айтты.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: m.glavnoe.ua