Төрткүл дүниенің туристерін тәнті еткен Стаффа аралы Шотланд жағалауына табан тіреген. Стаффа аралының сырт келбеті еш ерекшеленбейді, бірақ ішкі көрінісі адамды тамсандырмай қоймайды. Арал сан алуан архитектуралық пейзажға ие. Себебі бұл аралда Фингал үңгірі орналасқан.
Аралдың көлемі ауыз толтырып айтарлықтай үлкен емес. Үңгірдің ұзындығы – 75 метр, ені – 14 метр, биіктігі – 20 метр. Оның өзгешелігі - акустикасында. Үн бүкіл үңгірге тарап, дыбыс толқыны базальт бағанасына соқтығысады. Келуші құлақ құрышын алған әсем әуенді беймәлім музыкант орындап жатыр деп ойлауы мүмкін.
Базальт аралына бару туристерге еш қиындық тудырмайды. Әйткенмен үңгірге кірген кезде кей қолайсыз жағдайларға тап болады. Үңгірдің кіре берісі тар жолмен жалғасады. Аралға теңіз жағынан кіру мүмкін емес. Бұл үңгірде өз уақытында Уильям Уордсворт, Вальтер Скотт, Джон Китс, тіпті атақты француз жазушысы Жюль Верн де болып қайтқан.
Теңіз музыкасын тыңдауға Виктория патшайымның өзі келген. Сол себепті жыл сайын Стаффа аралына мыңдаған саяхатшы қызығушылық танытып, жер-жерден ат басын бұрады.
Оқи отырыңыз:
Пенитентес дегеніміз не?
Қызыққа қанықтырған видео ролик
Топтасқан жануарлардың бір сәттік көрінісі
Тауэр көпірінің жаяу жүргінші жолы әйнектен жасалды
Сурет: bigpicture