Кезекті демалыста, саяхат кезінде қалтаның қағылатыны мәлім. Туристік жолдамалар, көлік, ауқат, жатаққа кететін шығындардың барлығы біраз ақша-қаражаттарды қажет етеді. Назарларыңызға саяхат кезінде ақша-қаражаттарды үнемдеудің жолдарын ұсынамыз.
Маңызы зор құжаттардың бірнеше көшірмесін жасап алыңыз. Бір көшірмені үйіңізде қалдырып қойыңыз. Құжаттардың түпнұсқасын қонақүйдегі сейфке сақтаңыз. Ал өзіңізбен бірге тек көшірмені алып жүріңіз. Өзіңізбен бірге тек кредит картасы мен қажетті валюта сомасын алып жүріңіз. Ақша-қаражаттарды бір жерге салмаңыз. Оларды бірнеше бөліктерге бөліп, киімдеріңіздің қалтасына салып қойыңыз. Қалтаңызға ұры түскен жағдайда, сіз өзге ақша-қаражаттарыңыздан айырылмайсыз. Сырт киіміңіз мүмкіндігінше қарапайым болуы керек. Белгілі бір жерге жолға шықпас бұрын, алдын ала сол елдің жергілікті халқының қалай киінетінін біліп алыңыз. Сырт киіміңіз көзге түскен жағдайда, сіздің өзге елден келген турист екеніңізді бірден аңғаруға болады. Осы кезде сізге жергілікті ұрылардың назары ауады. «Сәлем», «рахмет», «кешіріңіз», «өтінемін», «сау болыңыз» сияқты тұрмыстық сөздердің жергілікті тілдегі аудармасын біліп алыңыз. Өз денсаулығыңыз туралы ұмытпаңыз. Қажетті дәрі-дәрмектерді өзіңізбен бірге алып кеткеніңіз жөн. Себебі, кейбір елдер дәріханаларда дәрігердің дәріге берілетін рұқсат қағазын талап етеді. Денсаулығыңыз мазалаған жағдайда, амалсыздан жергілікті емханаға баруға тура келеді. Бұл да біраз шығынды талап етеді. Себебі, кей кезде туристік жолдамамен қатар берілетін медициналық сақтандыру жарамсыз болып табылады. Сондықтан да, медициналық сақтандыру сатып алғанда ақша-қаражаттарын аямаған абзал. Медициналық сақтандыруға пойыз не ұшақ рейстерінің кейінге шегерілуі, жүктердің жоғалып кетуі, денсаулығыңызға нұқсан келуі жағдайларында талап етілетін өтемақыларды қосыңыз. Банк, елшілік, туристік агенттіктің жергілікті кеңсесі, т.с.с. қажетті телефон нөмірлерін жазып алыңыз. Халықаралық телефон және интернет картасын сатып алыңыз. Жергілікті ұялы телефон симкартасын сатып алып, мобильді байланыс үшін қолданыңыз. Жол чектерін көптеген дүкендер қабылдамайды. Оларды қабылдаған жағдайда пайыздық үстемесі сіз үшін қымбатқа түседі. Сондықтан да, көп жағдайда кредит картасын пайдаланған абзал. Саяхат алдында өзіңіздің кредит я дебет картаңызды тексеріп алыңыз. Жарамдылық мінезін, ПИН-кодтарына бір көз тастап қойыңыз. Өзге мемлекеттерді дебет я кредит картамен қолдану барысында қызмет үшін алынатын пайыздық үстеме туралы алдын ала біліп алыңыз. Тауар сатып алған кезде берілетін чек қағаздарын сақтап қойыңыз. Шетелде кеңінен танымал ақша айырбастау автоматтарына жақын болмаңыз. Ақша-қаражаттарын айырбастау пунктері мен банктерде алмастырған жөн. Фотоаппарат, бейнекамера, қолсөмкеңізге мұқият болыңыз. Оларды қолыңыздан түсірмей, бауы болса, мойныңызға, иығыңызға іліп алыңыз. Саяхат алдында ғаламтор беттерінен баратын еліңіз туралы ақпарат жинастырыңыз. Арзан қонақүй таңдап, жергілікті ережелер мен оңтайлы демалудың әдіс-тәсілдерін естен шығармаңыз!Демалысыңыз жайлы өтсін!
Сурет: turidei.ru