Кеше, 6-қаңтар күні Үндістер тағы бір Гиннес рекордына сайыс жариялады. Орталық алаңда 15 мыңға жуық адам ұлттық киімдерін киіп, бір уақытта ковр барабанын шалған.
Ұлттық аспаптың айбынды үні 15 минут бойы үнді аспанын жаңғыртып тұрды. Жалпы дауылпаз шалуға 14833 адам қатысқан. Бір уақытта мұнша көп адамның барабан шалуы әлемдік Гиннес рекордына енуі әбден мүмкін екен. Көптеген үнді азаматтары бұл айбынды көріністі камераға алып дүниежүзілік Гиннес рекордын бағалау орталығына жіберген. Бұл шараның басты мақсаты Гиннес рекорды болып қана қалмастан, Үнді ұлтының ұзақ жылдық тарихы бар ковр барабанын насихаттау, әйгілеу екен. Ұлттық аспапты, ұлттық өнерді әйгілеп, 10 мыңнан аса адам қатысып, домбырамен күй тартып, Қаражорға биін билеп, әлемдік Гиннес рокордына сайыс жариялау бұдан бұрын қытай қазақтарында да болған еді.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: vk.com