Үндістан десе көз алдыңызға не келеді? Тадж Махал, сари, Гоа немесе физика мен логика заңдарына бағынбайтын фильмдері. Үндістан ең шулы кештер мен дәстүрлердің отаны. Әрине, лашық жағалаған халықтан бөлек, зәулім сарайда өмір сүретін байлар қоғамы, одан бөлек демалысқа келетін туристер бер. Егер Үндістанға бара қалсаңыз, мына жерлерге міндетті түрде саяхаттауды ұмытпаңыз.
Көктем мерекелерін тамашалау:
Холи — Үндістанның басты мерекелерінің бірі. Адамдар айналысындағы жандарға жақсылық пен бақыт тілей отырып, көктемнің келуімен құттықтайды. Үнді халқы өте жомарт болғандықтан, олар сізге тек бір рет бояу жағумен тоқталмайды. Бұл мерекеден сан-алуан түске боялып шығасыз.
Одан бөлек Холи мерекесінде міндетті түрде істелуі тиіс нәрсе – би. Бұл уақытта би арқылы жастар бір-бірлеріне сезімдерін білдіре алады. Егер Үндістанға Холи уақытына баруды жоспарласаңыз, достарыңызды ерте барыңыз. Өйткені, топпен жүрген әрқашан қызықты.
Мумбайдың сән-салтанатқа толы өміріне еніп, фильм жұлдызы болу:
Мумбай — мәдени орта. Болливуд туған қала. Түсірілім кееңі басталған шақта, кино түсірушілер шетелдік-актерлерді «көшеден» іздей бастайды. Егер сіздің түр-әлпетіңіз ұнап қалса, сізді жаңа фильмнің актері болуға, эпизодтық рөлдерді ойнауға шақыруы мүмкін.
Бомбей — тек киностудияның арқасында үнді Голливуды емес. Бұл – концерттер, кешкі клубтар мен түнгі өмір ортасы. Жағалауда ашық аспан астындағы мейрамханалар орналасқан. Шулы мегаполисті артқа қалдырып, теңіз жағалауында отырып, жұлдыздарды тамашалауға болады.
Піл арқылы саяхаттау:
Джайпур — үнді сәулет өнерінің көшін бастап тұрған қалалардың бірі. «Жел сарайы» (Дворец ветров) – қаланың басты көрнекті аймағы. Оның басты ерекшелігі бір кездері гарем үйі болған. Ғимарат ішінде баспалдақтар жоқ, ал терезелерде ұсақ тесіктер көп. Ғимараттан желдің гуілі естіледі. Сондықтан да оны «Жел сарайы» атаған. Джайпурдың сыртында орналасқан Амбер қамалына жету үшін пілді жалға алуға тура келеді.
Агра — Тадж-Махалдың арқасында танымал қалалардың бірі. Бірақ, одан бөлек Садар базары арқылы да туристердің арасында кең сұранысқа ие. Бұл базардан барлық нәрсені табуға болады. Асқабақтан жасалатын кәмпиттер мен кәдесыйлар, табиғи теріден жасалған сөмке, үнді өрнегі бейнеленген қолөнер бұйымдарын табуға болады.
Үндістанға барсаңыз, алдымен елдің тарихымен танысуды ұмытпаңыз.