Үндістандағы Моғол бақтарына кіру тегін болады

Үндістандағы Моғол бақтарына кіру тегін болады

Нью-Делидегі Моғол бақтарына кіру тегін болады. Айта кетелік, парк президент сарайының аймағында орналасқан. Баққа кіріп қызықтағысы келген кез келген жан бір ай уақыт ішінде комплекстің қонағы бола алады.

Бақ ішінде бірнеше канал, демалуға арналған ашық алаңдар, гүлзарлар бар. Комплекс Ұлы Моғол династиясының стилінде жасалған. Бақты 1929 жылы британдық архитектор Эдвин Лачинс ашып кеткен.

ап

Қонақтар роза гүлінің 120-ға жуық түріне куә бола алады. Сонымен қатар, нарғызгүлдерден жасалған композицияны тамалашай алады. Бұдан бөлек гүлдерден жасалған кілемдер көздің жауын алып, өзіне тарта түседі. Бақ ішінде құстардың 90 түрі және бір топ маймылдар тіршілік етеді.

ва

Моғол бақтары 17 наурызға дейін таңертеңгі 10.00-ден кешкі 16.00-ге дейін жұмыс жасайды. Дүйсенбі - демалыс күні. Айта кетелік, өткен жылғы ашық есік күндерінде баққа 650 мың адам қонақ болды.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: libafruma.livejournal.com, travel.ria.ru, photo-pf.com