«Махараджа экспресс» пойызы турасында бұрын-соңды есітіп пе едіңіз?! Есітпесеңіз айтайық, Үндістанның темір жолындағы ең атақты шапшаң жүретін пойыздардың бірі әрі бірегейі осы. Бұл пойыздың бір артықшылығы сол - керемет мейманханасы бар. Және мейманханасының қалай жабдықталғанын көрсеңіз, бір отырып саяхаттауға аңсарыңыз ауады.
Бұл экспрессте купенің бірнеше үлгісі бар: люкс, кіші және үлкен президенттік. Сол екі ең қымбат президенттік кластағы купелердің ваннаға арналған бөлмелері бар. Және екі купе де жеке вагондарда орналасқан.
Барлық вагонның едені табиғи ағаштармен жабдықталған. Үстіне жібек кілемдер төселген.
Екі мейманхана да қонақтарға арналған еуропалық және үндістандық асхананың ас мәзірлері күтіп тұр.
Сурет: mirfactov.com
Дайындаған: Фараби Бақыт