Жаңа Зеландияда ата-аналарды сәбилеріне оның психикасына нұқсан келтіретін ат бермеуге міндеттеді.
Қабылданған заңға сәйкес, ат қояр кезде сандарды, құрметті атақтар мен титулдарды, сонымен қатар, адамның намысына тиетін сөздерді қолдануға болмайды. Осылайша енді, жаңа зеландиялықтар ұл-қыздарына Люцифер, Ханшайым, Герцог, V8 (8 цилиндрлі көліктің маркировкасы), Mafia No Fear секілді ат қоя алмайды.
Заңға бұндай түзетулердің енгізілуіне соңғы кездегі азаматтардың сәбилеріне ыңғайсыздау есімдер беруінің жиілеп кетуі себеп болған.
Rosbalt.ru агенттігінің айтуынша, 2008 жылы сот 9 жасар Talula Does The Hula From Hawaii ("Талула гавайлық тулу биін билейді") есімді қызды әлеуметтік қамқорлыққа алуға шешім шығарған. Бұған сәбидің ата-анасының қызының есімін ауыстырудан бас тартуы себеп болыпты. Тағы бір жұп ұлын 4Real (Шынымен, В натуре - орыс тілінде) деп атағысы келген. Мамандар олардың бұл өтінішін қабыл алмағаннан кейін, сәбиге Супермен деген ат қойылыпты. Дегенмен ата-ана ұлын 4Real деп атайтын көрінеді.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: childisrael.com