Англия жерінің солтүстік бөлігінде Нортумберленд графствосы орналасқан. Онда 5 гектар жерді қамтитын әйгілі бақша табан тіреген. Жасыл саябақ дүниедегі ең бір өмірге қауіп төндіретін айрықша мекен болып табылады. Бүкіл жер шарының ең улы өсімдікдері осында өмір сүреді.
Бақшада көзге үйреншікті раушан немесе қашқаргүлі өспейді. Келушілер жол нұсқаушының көмегімен улы өсімдіктерді мұқият әрі өздеріне қауіпсіз етіп тамашалайды. Жол нұсқаушылар өсімдіктерге қатысты әртүрлі әңгімелер айтады. Бақтың ішінде ескерту тақтасы мен бөгеті көптеп қойылған. Мұндағы кейбір өсімдіктің зияндығы сонша тіпті тиіп кеткеннің өзінде де өлтіретін қабілетке ие.
Өлтіретін өсімдікдер бағы көлемі жөнінен Тұман Альбионында екінші орында тұр. Әлемдегі жүзден астам ең улы, өсіруге тыйым салынған өсімдіктер осында жиналған. Ол: атропа жидесі, стрихнин, апиын көкнәрі, убалдырған, галлюциногенді саңырауқұлақ және кенепшөп.
Бақша 2005 жылдан бастап ауқымды қайта құрылды. Бақшаның негізгі түпнұсқасы - XVIII ғасырдың ортасында Падуиде пайда болған Алнвик бағы. Ол кездері тек осында ғана улы өсімдіктер өсірілген. Герцогиня Нортумберленд бақшасында алғаш рет дәрі-дәрмек өсімдіктері өсті. Мұндай бақтар есірткі өнімінің зияндығын дәріптеу үшін жасалған.
Сурет:shadowheartandsouloftheblackrose.ning.com,imgkid.com
Оқи отырыңыз:
Нью-Йорк Орталық паркінің көрінісі
20 метр қар бойымен өтетін жоларна
Әлемдегі ең қауіпті базар – Тайландта
1500 жыл бойы өсіп келе жатқан Періште емені