Тыныштықты алтынға теңеп жатады бірі. Сіз қазір мына мәліметті оқып болған соң, бұл сөзге қарсы шығасыз. Өмірден сәл теперіш көре қалсақ, "Тып-тыныш жаққа кетіп қалғымыз келеді" де тұрады. О несі екен? Міне, онда сізге тып-тыныш жер!
АҚШ-та Орфилд зертханасы деп аталатын әлемдегі ең тыныш жер орналасқан.
Әншейін де тыныш жер іздейтін сіз онда тек 45 минут қана шыдай аласыз.
Бұл бөлме 99,99%-ға дыбыс жұтқыш болғандықтан, әлемдегі ең тыныш орын болып есептеледі. Онда аз уақытқа қалғанның өзінде адамда галлюцинация пайда бола бастайды.
Бөлменің қабырғалары 10 метрлік акустикалық қабатпен қапталған. Екі қабатты болат шымылдықпен қоршалып, бір метрлік бетон төселген.
Айтпақшы, бұл жер әлемдегі ең тыныш орын деген атпен Гиннестің рекордтар кітабына да еніп үлгерген.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: kanzas.ua, infoniac.ru, anti-idol.kz