Түйе-тау – Табиғат-Ананың асқан шеберлігінің нәтижесінде пайда болған мүсін. Тіпті, кейбір саяхатшылар тауды – «табиғат шеберлігінің нышаны» деп атап жатады.
Ресейдегі Орынбор жерінде орналасқан осы ерекше тау туралы ел аузында бірнеше аңыздар бар.
Ерте-ерте, ертеде, есте жоқ ескі замандарда бір алып түйе Орал жоталарымен күш сынаспақ болып, сапарға аттанады. Табиғатты жеңген тіршілік иесі бар дейсіз бе? Түйе де табиғатқа қарсы төтеп бере алмай, қырдың ең биік жерлерінің біріне келгенде тас болып қатып қалған екен. Сол уақыттан бері бірнеше ғасыр өтсе де, түйе әлі өз орнында жатыр...
Келесі бір әдемі аңыз былай деп сыр шертеді: бір кездері дәл осы жерлермен атақты сауда керуені жүріп өтетін болыпты. Бұл керуендегі адамдар шаруаға жайлы жер іздеп жүрген көрінеді. Тура шөл далаға келгенде олардың сулары мен тамақтары таусылып, барлық адамдар мен түйелер қырылып қалады. Тек қана бір түйе ғана аман қалып, жол жүруін жалғастыра береді. Ұзақ жол жүріп, бір қырдың басына аялдағанда өліп кетеді. Сол түйе бүгінде тауға айналған...
Суреттер: cupidon74.ru,stihi.ru,oreninform.ru
Дайындаған:Айгерім Сматуллаева