Біраз жылдың қойнауында жатқан құпия-аңыздарды бойына жинаған Иф қорғаны Жерорта теңізінің жағалауында Марсель қалашығындағы (Франция) шағын ғана аралда орын тепкен. Бүгінде бұл арал қорғанның құрметіне «Иф» деп аталады.
1516 жылы Франция королі І Франциск жаугершілік сапарынан келіп, Марсель қаласына қоныстанады. Ол қалаға теңіз жақтан қорғаныс жұмыстары жүргізілмегендігін бірден байқап, алаңдай бастайды.
1580 жылы бекініс түрме ретінде қолданыла бастады. Мұнда Францияның ең қауіпті деген жаулары, қылмыс жасаған беделді ақсүйектер отырғызылатын болды. Өйткені, қорғанысы мықты қамалдан қашып шығу мүлде мүмкін емес. Түрме тәртібі қатал болғандығы соншалық – ауыртпалықтарға шыдамаған мыңдаған адам өліп кеткен.
ХІХ ғасырда қамал өз мәртебесін өзгертті. 1890 жылдардан бастап түрме біржола жабылып, мұражай қызметіне ауысады. Ал 1926 жылдан кейін Иф тарихи ескерткіштер қатарына енді. Тіпті, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында неміс басқыншылары осы жерде штаб ұйымдастырған.
Бүгінде қамалға ат басын бұрушы туристердің санында шек жоқ. Бұл жерден Марсель қаласының тамаша көрінісіне куәгер бола аласыз. Ал бекініс ішіне Монте-Кристо граф туралы фильмдердің үзініділері көрсетілетін теледидарлар қойылған.