Түріктер баспалдағы

Түріктер баспалдағы

Аппақ қардай құздары бар Скала-дей Турки (Scala dei Turchi) мекені Жерорта теңізінің жағалауындағы Сицилияның оңтүстігінде орналасқан Реальмонте қаласынан 3 шақырым жерде жатыр. Бұл өлкені жергілікті халық "Түріктер баспалдағы" деп атап кеткен.

Баспалдақтар қайда дейсіз бе? Бірнеше ғасырлар бұрын пайда болған Скала-дей Туркидың таңғажайып баспалдақтарын теңіз желдері мен жауын-шашындары жуып-шайып кеткен. Ел аузындағы аңыздарға сенсек, осыдан мыңдаған жылдар бұрын осы баспалдақтарды сарацин тайпасының өкілдері жағалауға жету үшін пайдаланған. Ал ерте замандағы түрік қарақшылары өздерінің кемелерін дауылдардан аман алып қалу үшін осы құздарға байлап қойған екен. Түріктердің шығу тегі де осы аймақтан басталады.

Ғаламаттай пішіндегі ақ басты шыңдар мен мөлдір теңіз жыл сайын мыңнан астам туристерді күтіп алып, шығарып салады.

Жерорта теңізінің көгілдір суымен әдемі үйлесетін әктастар жағалаулармен, майда құмдармен қоршалып жатыр. Әсіресе, осы маңдағы Розелло, Джиалонардо, Ле-Перголе және Пунта-Гранде сынды жағалаулар туристер арасында кең танымал. Армансыз шомылғыңыз келсе құздардың батыс жағына барыңыз. Ал көз тартар көркем көріністерді баспалдақтың шығыс жағынан таба аласыз.

Жаз маусымында "Түріктер баспалдағында" түрлі тақырыптағы ән кештері, фестивальдар, мерекелер өткізіледі. Сонымен қатар, осы маңда сицилиялық дәстүрлі тағамдар мен теңіз тағамдарын дайындайтын көптеген мейрамханалар мен қонақүйлер бар. 

Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева