Түркия өзінің табиғи әдемілігімен, бірегей тарихи және археологиялық мұрасымен, инфрақұрылымымен, қонақ үй бизнесімен, дәстүрлі қонақжайлығымен әлемнің жер-жерінен ағылған қонақтарды таңғалдыру үстінде. Мұндағы демалыс орындарының бағалары кез келген саяхатшыға аз қаржыға жақсылап демалуға мүмкіндік береді. Біз сіздерге Түркияның ең танымал 9 демалыс орнын ұсынбақпыз.
Каппадокия
Түркия мемлекеті керемет ландшафттарымен бүкіл әлемге мақтанады. Ал Каппадокия болса, тап осы елдің ең бір көп қонақ қабылдайтын туристік нысандарының бірі. Бұл ауданда жанартау атқылағаннан кейін түрлі кейіптегі үңгірлер пайда болған екен.
Стамбул
Стамбул - Түркиядағы ең үлкен қала. Ол Еуропа мен Азия құрлығының ортасында орналасқан. Келген туристер қаланың ерекше архитектурасымен, мәдениетімен және түрік елінің дастарханымен танысады.
Ван көлі
Ван — әлемдегі ең үлкен тұзды көл. Ол Армения елінің тау бөктері мен Түркияның шығысында орналасқан. Оның жағасында Немрут-Даг жанартауы бар. Ол келушілерге ерекше әсер сыйлайды.
Арарат тауы
Арарат тауы — Түркияның ең үлкен нүктесі. Оның жоғарғы бөлігін жыл бойы қар жамылып жатады. Ойыстардың көп жерін құрғақ далалар мен шөлейттер басқан.
Олюдениз
Бұл мекен Фетхие қаласының оңтүстік жағында орныққан. Мұнда Эгей теңізі Жерорта теңізімен ұштасады. Түркия үкіметі Олюденизді қорық ретінде өз қамқорлығына алған болатын.
Ликия жолы
Келушілердің сөзіне сенсек, мұнда келген адам өміріндегі ең бір тамаша күндерді бастан өткереді. Себебі бұл жақта ғашықтар оңаша қалып, серуенге шығады. Ликиядан, әсіресе, теңіз бен тау шатқалдарының көрінісі өзгеше көрінеді.
Памуккале
Памукаледе мың жылдан астам уақыт бойы табиғи тау бұлақтары ағады. Соның себебінен жергілікті жерде табиғи террассалар пайда болған.
Капуташ жағажайы
Капуташ жағажайы тау бөктерінің қоршауында орналасқан. Ол қоғам мен өркениеттен шалғай жатқандықтан онда инфрақұрылым жүйесі мүлде дамымаған. Бұл көбіне қоғамнан алшақтағысы келетін жандар үшін таптырмас жер.
Солтүстік Анатолия тауы
Анатолия тауы мыңдаған жыл бойы жергілікті тұрғындарға баспана орнын алмастырып келген. Олар елдің солтүстігінде 1000 шақырымға созылып жатыр. Туристер бұл мекенге үйлерді тамашалау үшін келеді.