- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Түн көрмейтін қала...
Түн көрмейтін қала
Хаммерфест - Норвегияның солтүстігіндегі тым ерекше қала. Өйткені, бұл - Еуропаның солтүстікті бұрышы, сондықтан да оны әлемнің шыңы деп атап жатады. Қыстың қаһарлы айлары қол бұлғап артта қалып, есесіне жаздың жайдарлы күндеріне орын бергелі тұр. Бұл дегенің Хаммерфестке саяхатқа дайындала беріңіз деген сөз. Неге дейсіз бе? Өйткені Хаммерфесттің жазы ешбір жазға ұқсамайды. Яғни, бұл маусымда түнді көре алмайсыз. 24 сағат бойы күн жарқырап, "түн ортасындағы күнді" көру мүмкіндігіне ие боласыз.
Ал бұл аймақтың қысы туралы айтып әбүйір таппайтынымыз анық. Қыстыгүні Хаммерфесттен бар-жоғы 2-3 сағат қана күнді көре аласыз. Ондағы таңғы ас та, түскі ас та, кешкі ас та тас қараңғыда ішіледі. Қыс кезінде қалада болған туристердің айтуынша, қыста далада жүрген адамдарды кезіктіру өте қиын екен. Бұл өңірде балалар да қармен ойнамайды. Керісінше, жаз мезгілінде ата-аналар оларды үйге кіргізе алмай, әлекке түседі. Балалар: "Әлі кеш батқан жоқ қой" деп 24 сағат ұйқыны ұмытып жатса, ешкім таң қалмайды. Шынында да "түн көрмейтін қаланың" өмірі тым ерек.
Жазда бұл аумаққа 17 миллионнан астам турист қонаққа келеді екен. Қалада туризм өте жақсы дамығын. Бір өкініштісі, суға шомыла алмайсыз. Өйткені, жаздың өзінде судың температурасы минус он градусты көрсетіп тұрады.
"Түн ортасындағы күн" кезінде табиғат романтикалық күйге бөленіп, сиқырлана түседі. Норвегияның солтүстігіндегі тұрғындар ерекше энергияға бай келеді. Себебі, оларда белсенді жаттығулар үшін толық мүмкіндік бар. Бірақ, ұйқыңыздың бұзылатындығы өкінішті. Осыған орай, үйлер мен қонақ үйлерде өте қалың перделер қолданылады.
Бұл уақытта елде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, думанды кештер өткізіледі. 7-11 шілде аралығында күллі әлемге танымал "Түн ортасындағы рок" фестивалі және жағажай воллейболынан турнир, 10-17 шілде аралығында түрлі әндер мен билердің Жәрмеңкелік аптасы, Jentespragnet атты әйелдер жарысы (бүкіл қатысушы әйелдер көйлек пен туфлиде болу керек) өтеді.
Әрине, өміріңде бір рет болсын "түн ортасындағы күнді" көргенге не жетсін?! Дегенмен, бұл өз ретімен келетін күнді қарсы алып, тынығу үшін берілетін түнмен қауышып жүрген өмірді алмастыра алмайтын шығар...
Суреттер:vk.com
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева