- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Түн кемпірқосағын көріп...
Түн кемпірқосағын көріп пе едіңіз?
Әр адам өмірінде бір рет болса да кемпірқосақты көрген шығар. Әсіресе, жаз айларында жауыннан соң орын алатын кемпірқосақтарды. Дей тұра, соншама сұлулық пен әдемілікке қарамастан, аталған құбылыс қалыпты жағдай саналып кеткен.
Бірақ жер бетінде көптеген адамдар кемпірқосақтың түнде де болатынын біле бермейді. Оның ішінде сіз де барсыз. Оның "ай кемпірқосағы" деген атауы бар екенін енді біліп отырған боларсыз.
Жылдың кез келген мезгілінде ай толған уақытта табиғаттың осы керемет құбылысы орын алады. Түрлі-түсті кемпірқосақтар қараңғы түнде жұлдыз жанып, ай туған уақытта ғаламат күйге бөленеді. Көбіне ақ түсті болып келеді. Мұнда да бір мән жатқан шығар. Мағынасын адам баласы түсініп болмас, ең бастысы, адам үшін ең алдымен бәрін көріп, білу емес пе?! Айтқым келгені, ай кемпірқосағының суреттері теңдессіз көңіл-күйге бөлейді. Тіпті, көзге көрінбес көңіл жібімен жалғастық табатындай...
сурет:liveinternet.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига