Торонто - "түрлі тілде сөйлейтін" көп ұлтты мегаполис

Торонто - "түрлі тілде сөйлейтін" көп ұлтты мегаполис

Автор:  Ryan Emond

Торонто - Онтарио провинциясының бас қаласы және Канаданың ең ірі мегополисі болып саналады. Бұл қала су және құрлық жолдарының қиылысында орналасқан. Осы географиялық ерекшелікті қала атынан да байқауға болады. Солтүстік Америка үндістерінің тілінде Торонто "су астынан өсетін ағаштар мекені" дегенді білдіреді екен.

Торонто - әлемнің көптеген мәдениеттері қиылысқан жер деуге де болады. Ол "түрлі тілде сөйлейтін" көп ұлтты мегаполис. Торонто - жоғары мәдениет пен өнер үлгісі және ол концерт, шоу және тағы басқа іс-шаралар өткізілу жағынан тек Нью-Йорк пен Лондон қалаларынан артта келеді.

Онтарио көлі жағалауында орналасқан жер бетіндегі ең биік CN теледидар мұнарасы, Даунтаун - қаланың ескі де тарихи бөлігі, сондай-ақ, ең әдемі Йанг Стрит көшесі (әлемдегі ең ұзын) осынау алып қаланың символы болып саналады.

Ел мен қала мәдениет-тарихымен жақынырақ таныс болу үшін Онтарио корольдік мұражайына баруға болады және де жауынгер атағы, автокөлік, политехникалық мұражайларын тамашалаудан әрбір туристің үлкен әсерге бөленетіні сөзсіз.

Сондай-ақ, "Art Gallery of Toronto", "Market Gallery", "McLaugein Gallery", "McMichael Canadian Collection" деп аталатын қаланың көркемөнер галереяларына соқпай кетпеңіз.

Бұл қаланың тағы  бір ерекше мекені Metro Toronto Zoo зообағы. Оның ерекшелігі жер бетінде ең көлемді зообақ ретінде танылуы. Бұл зообақта 3 000-нан астам жануар түрі мекендейді. Дәл осы зообақ хақында ел арасында көптеген әзіл-қалжыңдар да тараған.

Бос уақытын ғимарат ішінде өткізуді қаламайтын адамдар үшін Солтүстік Америкадағы ең үлкен парктердің бірі - High Park көңіл көтеріп, сергіп қайтуға болатын тамаша жер.

Қаладан 1,6-2 сағаттық жерде әйгілі Ниагар сарқырамасы орналасқан және табиғаттың мұндай кереметін көрген әрбір адам өзіне үлкен қуаныш сыйлағандай болады.

Сурет: candiceswebsite.ca

Ж. FM