Назарларыңызға осыдан 15 жыл бұрын Финистер (Галиция) бұғазында орын алған мына бір қызықты оқиғаны ұсынамыз.
106-навигациялық каналының "Теңіздегі экстемалды ситуациялар" жиілігінде 1997 жылдың 16 қазанында мынадай әңгіме болды.
Испандықтар: ... А-853 сөйлеп тұр. Өтінеміз, бізбен соқтығысып қалмауыңыз үшін 15 градус оңтүстікке қарай бұрылыңыз. Сіздер тура бізге қарай жүзіп келе жатырсыздар. Ара-қашықтық 25 теңіз милі.
Американдықтар: ...Сіздерге бізбен соқтығысып қалмауларыңыз үшін 15 градусқа солтүстікке бұрылуға кеңес береміз.
Испандықтар: Ұсынысыңыз қабылданбайды. Қайталап айтамыз, бізбен соқтығысып қалмауларыңыз үшін 15 градусқа оңтүстікке қарай бұрылыңыз.
Американдықтар (басқа дауыс): Сендермен АҚШ кемесінің капитаны сөйлесіп тұр. Бізбен соқтығысып қалмауларыңыз үшін 15 градусқа солтүстікке қарай бұрылыңыз.
Испандықтар: Біз сіздің ұсынысыңыздың орындалуы мүмкін деп ойламаймыз. Бізбен соғысып қалмауларыңыз үшін 15 градусқа оңтүстікке бұрылуға кеңес береміз.
Американдықтар (жоғарғы тонда): СІЗДЕРМЕН АҚШ-ТЫҢ ӘСКЕРИ-ТЕҢІЗ ФЛОТЫНЫҢ USS LINCOLN СОҒЫС КЕМЕСІНІҢ КАПИТАНЫ РИЧАРД ДЖЕЙМС СӨЙЛЕСІП ТҰР. БІЗДІҢ КЕМЕМІЗ ҮЛКЕНДІГІ ЖАҒЫНАН ФЛОТТАҒЫ ЕКІНШІ КЕМЕ. БІЗДЕ 2 КРЕЙСЕР, 6 ӘСКЕРИ ҰШАҚ, 4 ӘСКЕРИ СҮҢГУІР КЕМЕ БАР. ЖӘНЕ КӨПТЕГЕН КӨМЕКШІ КЕМЕЛЕР ЕРІП КЕЛЕ ЖАТЫР. МЕН СІЗДРГЕ КЕҢЕС БЕРІП ЕМЕС, БҰЙЫРЫП АЙТАМЫН. БАҒЫТТАРЫҢЫЗДЫ 15 ГРАДУСҚА СОЛТҮСТІККЕ ҚАРАЙ БҰРЫҢЫЗДАР. ӘЙТПЕСЕ КЕМЕМІЗДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН ШАРА ҚОЛДАНАМЫЗ. ӨТІНЕМІЗ, ЖОЛЫМЫЗДАН ТЕЗІРЕК БЫЛАЙ ТҰРЫҢДАР!!!
USS LINCOLN СОҒЫС КЕМЕЛЕРІ
Испандықтар: Сіздермен Хуан Мануэль Салас Алкантара сөйлесіп тұр. Қасымызда бір ит, кешкі ас, 2 бөтелке сусын және ұйықтап жатқан кішкентай шымшық бар. Бізді "Cadena Dial de La Coruna" радиостанциясы мен 106-канал қолдап тұр. Біз ешқайда бұрылмаймыз. Себебі біз Финистер бұғазының Галицийск жағалауында, яғни, құрлықта орналасқан А-853 шамшырақ мұнарасымыз. Біз үлкендігі жағынан Испаниядағы маяктардың ішінде нешінші тұрғанымызбы білмейміз. Сайтан алғыр кемелеріңіздің қауіпсіздігі үшін не шара қолданам десеңдер де қолдана беріңдер. Бәрібір жартасқа соғылып, құрдымға кетесіңдер. Естерің дұрыс болса, бағыттарыңды 15 градус оңтүстікке қарай бұрыңдар!
Американдықтар: Ок, қабылданды, рахмет!
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: bodemia.webs.com, network54.com