Шығыс Германия. Потсдам. Неміс халқының мақтанышы, абыройы асқақтаған алып сарай – Сан-Суси.
Ұлы Фридрих әлемдегі ең ерекше, тамаша құрылыс нысанын салуды ойластырған. Сарайдың сыртқы келбеті мен архитекурасына қарап отырып, патшаның бұл арманы орындалғанын көресіз. Фридрих II сарайы архитектура композицияларының дәл ортасында орналасқан. Оны жергілікті тұрғындар «Потсдам Версалі» деп те атайды. Картина галереясы орта ғасыр шеберлерінің қолынан шыққан.
Жылыжай сарайы ренессанс үлгісінде, ойыншық шай үйшігі ретінде салынған. Классикалық Шарлоттенхоф сарайында 290 гектар гүл саябағы бар.