Таңғажайып кітап дүкені

Таңғажайып кітап дүкені

"Livraria Lello" - әлемдегі ең әдемі кітап дүкені. Қызыл баспалдақтар мен арнайы бөренелерден тұрғызылған қабырғалар және витражды әйнектер, өрнектеліп салынған ағаш оюлары - осының бәрі сіздің назарыңызды аудартпай қоймайды. Таңғалмаған күннің өзінде тағылымды ордадағы талайдың қолы жетпей жүрген кітаптардың өзі неге тұрады.

Әрине, содан болар аталған кітап дүкені Португалияның ұлттық жәдігерлерінің бірі болып саналады.

Дүкеннің тарихы 1894 жылдан тамыр тартып жатыр. Яғни сол жылдарыі Хосе Пинто де Соуза Лелло "Chardron"кітап дүкеніне иелік етіп, бизнестің үлкеюіне байланысты орын ауыстыруды қолға алады. Міне, содан бастап Кармелитас көшесіне жаңа кітап дүкенінің кірпіші қалана бастайды.

Франциско Ксавьер Эстевес есімді азамат кітап дүкенінің жоспарын жасап шығарады.

1906 жылы құрылыс толығымен аяқталып, ұлттық кітап дүкеніне айналады.

сурет:kinderlibrary.wordpress.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига