Таңғажайып жасыл өзен

Аустрия жерінде Grüner See (Жасыл өзен) атты таңғажайып мекен бар. Бұл жерден тамыз-сәуір айларының аралығында жасыл шалғынды, әдемі орындықтар қойылған, жанға жайлы саябақты көріп, серуен құруға болады.

Ал көктемде қар мен тау мұздарының еру әсерінен бұл жерді су басып қалады да, тереңдігі 4-5 метрлік өзенге айналып шыға келеді. Кейде, өзен деңгейі 8 метрге дейін жетеді.

Дәл осы мезгілде мөлдір судың астындағы өзенасты саябағын тамашалауға болады. Жай күндері адамдар демалатын орындықтар айналасында жүзіп жүрген балықтарды көріп, таң-тамаша боласыз. Ал талдар мен жолдар және көпірлер ертегі әлемін бейнелейді.


Жасыл өзен Аустрияның Трагос ауылында орналасқан. Жасыл өзен өзінің атауын меруерттей жасыл әрі мөлдір суының арқасында иемденген. Өзен – әлемдегі ең таңғажайып табиғат құбылыстардың бірі.

Қыстыгүні қарапайым өзендерден еш айырмашылығы болмайтын Жасыл өзен жылы маусымдарда қаланың қарбалас тіршілігінен демалуға таптырмас мекендердің бірі.

Суреттер:geofacts.ru,subscribe.ru,triinochka.ru,prirodadi.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева