Талшындар мерекесі

Талшындар мерекесі

Франция – сән мен салтанаттың елі ғана емес, ойын-сауық пен көңілді мерекелердің мекені. Онда сән апталықтарымен қатар, атағы кеңге жайылған талғамды мерекелер өткізіледі. Француздықтар мұндай тәтті кештерді қазан айының ортасында көптеп ұйымдастырып жатады. Соның бірі – талшындар мерекесі.

Бұл мерекеде күздің құшағындағы Францияның әрбір бұрышынан қуырылған талшындарды армансыз сатып алуға болады. Олардың көптігі соншалықты, оның иісі мұрныңызды жарып, басыңыз айналып сала береді.

Негізінде, талшындар мерекесі ұлттық мереке болып табылады. Оны көптеген елдерде, тіпті шағын ауылды мекендерде де атап өтеді. Алайда, Франция – талшындар мерекесін ең алғаш ойлап тапқан мемлекет.

Мереке қарсаңында қала көшелеріндегі шағын асханаларда, кафелерде, ірі-ірі мейрамханаларда ең арзан бағадағы талшыннан жасалған түрлі тағамдардан ауыз тие аласыз.


Мереке осыдан екі күн бұрын, яғни 14 қазан күні басталды. Талшындар мерекесінің куәгері атанғыңыз келсе, әлі де кеш емес. Өйткені, сауық бір аптаға дейін созылады.

16 қазан – мерекенің шарықтау шегіне жететін күні. Дәл осы күні Франция астанасындағы кез келген мейрамханадан қуырылған талшындарды, талшынмен әшекейленген торттар мен бәліштерді, сұйық тағамдарды және т.б. бұрын-соңды еш жерде кездестіріп көрмеген тағамдарыңызды жей аласыз. Ең бастысы, тағамдардың бағасы өте арзан.

Талшындар мерекесін тек қана мейрамханалар атап өтпейді, қаланың үлкен алаңдарында спорттық сайыстар, көркемсөз оқу байқаулары, талшын туралы театрландырылған қойылымдар, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.

Суреттер:paris4vacations.ru,mosfoodnews.ru,

tru.ru,gooddays.ru,edimvkusno.at.ua

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева