Бүгін таңғы 07.06-де Тәжікстанда магнитудасы 5,3 жер сілкінісі болды. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Еуропа-Ортаазиялық сейсмологиялық орталығына сілтеме жасай отырып хабарлады.
Жерасты дүмпуінің эпицентрі Ташкенттен оңтүстік-батысқа қарай 533 км жерде 130 тереңдікте болды деп отыр сейсмологтар. Қаза тапқандар мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ.
Жер сілкінісінің эпиценрті
Айта кетелік, бұл дүмпуден бірнеше сағат бұрын Ташкенттен оңтүстік-шығысқа қарай 298 км жерде тағы бір жер сілкінісі болды. Эпицентрі Қырғызстан Республикасының аймағында болған апаттан да ешқандай қайғылы хабар жоқ.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: diapazon.kz, emsc-csem.org