Тәжікстанда жер сілкінісі болды

Тәжікстанда жер сілкінісі болды

Бүгін таңғы 07.06-де Тәжікстанда магнитудасы 5,3 жер сілкінісі болды. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Еуропа-Ортаазиялық сейсмологиялық орталығына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Жерасты дүмпуінің эпицентрі Ташкенттен оңтүстік-батысқа қарай 533 км жерде 130 тереңдікте болды деп отыр сейсмологтар. Қаза тапқандар мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ. 

в

Жер сілкінісінің эпиценрті

Айта кетелік, бұл дүмпуден бірнеше сағат бұрын Ташкенттен оңтүстік-шығысқа қарай 298 км жерде тағы бір жер сілкінісі болды. Эпицентрі Қырғызстан Республикасының аймағында болған апаттан да ешқандай қайғылы хабар жоқ.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: diapazon.kz, emsc-csem.org