- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Тағамға арналған ескерткіштер...
Тағамға арналған ескерткіштер
Осыдан бірнеше күн бұрын әлем жұртшылығы "Халықаралық азық-түлік" мерекесін тойлаған болатын. Білесіз бе, тағамдарға арналған мереке ғана емес, тағамдарға арналған ескерткіштер де бар екен. Сенбейсіз бе? Жазбамыз тек сіз үшін!
Әлемдегі аса қызықты әрі қайталанбас мүсіндердің бірі – «тағамға арналған ескерткіштер». Көз алдыңыздағы тот баспайтын шанышқы Nestle бірлестігі қызметкерлерінің арқасында Женева өзенінің түбіне қадалған. Швейцария жеріндегі бұл мүсін 1995 жылы Alimentarium атты тағамдар мұражайына қарама-қарсы, Nestle компаниясының бас кеңсесінің алдында тұрғызылған болатын. Ескерткішке дәл осы жылы «Тағамға арналған ескерткіш» деген атау берілді.
Ескерткіш Alimentarium атты тағамдар мұражайының он жылдығына арнап тұрғызылған. Ол кезде шанышқы бір жыл уақытқа ғана жоспарланып орнатылған болатын. Жергілікті тұрғындар бір жылға жуық уақыттың ішінде ескерткішті жақсы көріп кете алмады. Сондықтан, шанышқыны алып тастауға тура келді. Арада бірнеше жылдар өткен соң, билік орнындағылар ақылдаса келе шанышқыны орнына қайта қояды. Осылайша, ескерткіштің туристер қауымының көзайымына айналып келе жатқандығына төрт жылдың жүзі болды.
Тағамға арналған ескерткіш әлемде жалғыз емес екен. АҚШ-тағы Миннеаполис жерінде орнатылған көз алдыңыздағы қасық та су бетіне көпір іспеттес етіп орнатылған. Оның басына тәбетіңізді шақыратын қып-қызыл шие қойылған. Жаздың жаймашуақ күндерінде қасықтың сабынан субұрқақ атқылап тұрса, қыстың күндері көз алдыңызда шие қосылған балмұздақ тұрғандай болады. Қасықтың ұзындығы 15 метрді құрайды.
Жалғасы бар...
Суреттер:allforbeautylady.ru,vk.com,pikabu.ru
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева