Өткенге көз жүгірту деген бір ғанибет емес пе?! Біздің аталарымыздың, апаларымыздың өміріне, әдеттеріне, қасиеттеріне, тұрмыс-тіршілігіне қарап отырып, күлуге де, жылауға да, тәубеңе келуге де болады. Алайда, бұл әйелдің сұлу болсам деген құлшынысына (кез келген бағамен) қатысты болғанда, уақыттан келіп-кетер пайда жоқ. Түсінбей қалдыңыз ба? Әңгіме былай...
1. Корсет (белді қысып тұратын созылмалы жалпақ белбеу)
ХІХ ғасырда осы бір сұлулықтың күзетшісін кимеген әйел заты кемде-кем шығар. Олар өздерінің ішкі ағзаларына зиянын тигізетіндігін біле тұра, ештеңеден тартынбады. Ал бөріктілеріміз корсет баулары жасалатын кит мұрттарын қолға түсіру үшін барын салып, киттерді аулауға тырысатын.
2. Күшәла (мышьяк)
ХІХ ғасырда күшәла жеу сәнге айналды. Себебі ол бетті жарқыратып, көзді нұрландырып, денеге мінсіз жұмырлық беруді қамтамасыз ететін. Бұл бәлекетті бір бастадыңыз ба, өмір бойы тоқтатпауыңыз керек. Әйтпесе, өлім құштым дей беріңіз. Және күшәланың зоб ауруын тудыру қаупі бар. Тіпті кейде жазылмайтын сырқаттарға да ұшыратып жататын. Бірақ сұлулықтың соңына түскенді кім тоқтата алсын...
3. Құрттар
Нәзік жандылардың бұл жолы көздегені – сымбатты тұлға. Олар осы мақсатпен өздерінің денелеріне жан түршігерлік паразиттерді орналастырды. Құрттардың жұмыртқалары дәрі пішіндес болатын. Ішектерге жайғасып алған құрттар адамға арналған тағамдарды жұтады. Есесіне қожайын арықтап, іштегі қонақтар өсіп, толыса берді. Кейбірінің ұзындығы 3 метрден асқан деседі.
Бір қызығы көздеген мақсатыңызға жеткен соң, "құрметті қонақтарыңызды" шығарып тастауға болады екен. Оны өзіңіз елестетіп көріңіз...
4. Аяқты дәкелеу дәстүрі
Көптеген тарихшылар атақты Күң қыздың бастауын Қытай жерінен іздеу керек дегенді айтады. Ол үшін өткен мыңжылдыққа көз жүгіртіп көру керек.
Қыз баласы төрт жасқа толғанда, оның аяғы міндетті түрде дәкеленуі керек. Бұл аяқтың формасын өзгертіп, түзету үшін жасалады және өсірмей қояды. Мұндай салтты ұстанатын қытайлықтар үшін сұлулық – аяқтың түзу болуы. Бірақ бұл азапқа шыдай алатындар бар да, шыдай алмайтындар бар... Қаншама қыздар ақсақ атанып, жарамсыз аяқты құшақтап қалып қойды десеңізші?!
Есесіне еркектер бұл дәстүрден мүлдем бейхабар. Тіпті күйеуіңе көрсетуге де тыйым салынған.
5. Радиоактивті косметика
1930 жылдардағы атақты Flo-radia француз косметикасы. Косметиканың жарнамасы ғажайыптарды уәде етті: "Клеткаларды өмірлік күшпен жабдықтайды, қан айналымын жақсартады. Теріні тегіс етеді, майдан арылтады, бет терісіндегі саңылауларды қайтарады, безеуден құтқарады, кәрілікті тоқтатады, әжімдерді кетіреді, қысқасы гүл-гүл жайнап, әлемдегі ең сұлу әйел атанасыз".
Жақ сүйектері қопарылып басталмайынша, бұл косметика күллі әйел затының арманына айналған болатын...
6. Беладонна
"Беладонна" сөзін қазақ тіліне аударғанда, "сұлу әйел" деген мағынаны білдіреді. Оның шырынын көзге тамызғанда, көздер жайнап, жарқырап, қарашық үлкейе бастайтын. Бірақ бұл сұлулықтың ақысын соқырлықпен төлеуіңіз керек.
7. Қорғасын опа
1700 жылдары беттің түсіне көп көңіл бөлінетін. Ол кездерде дақтар мен безеулерді кетіретін арнайы құрылғылар тым аз болатын. Олар жазылғанның өзінде сүйкімсіз іздер қалып қоятын. Мұндайда кемшіліктерді жасырудың ең тиімді әдісі ретінде қорғасын опасы таңдалды. Бұл құрал қолжетімді бағада болып, беттің кемшіліктерін жасырып, тегіс әрі жібек тәрізді ететін.
Одан кейін... Ми ісігі, сал ауруы, ағзаның барлық жүйелері сыр бере бастайды... Сұлуларымызға өзінің табытта қандай көрікті болатындығын армандаудан басқа амал қалмады.
Суреттер:byaki.net, mail.ru
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева