Өткінші жауын мен қатты соққан оңтүстіктен тұрған желдің кесірінен Адриат теңізінің суы молайып, Венецияның жетпіс пайызы судың астында қалды. Судың өлшемі қаладан 1,5 метр жоғары. Судың астында қалдық деп сабылысқан халық жүктерін жинап, басқа жаққа қоныс аударуда. Ал басқасы...
Кейбірінің суға түсіп, жаны кіріп жүр. Соңғы рет дәл осындай су басу Рождество күні Венецияда 2 жыл бұрын болған еді. Ол кезде 144 сантиметрге көтерілген. Әлемдік рейтингке сүйенсек, биылғы оқиға соңғы 150 жылдағы болған апаттардың шығыны мен мөлшері бойынша алтыншы орынды иемденген.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: wowfacts.net